Ақмола облысында «Рухани жаңғыру негізі – мемлекеттік тіл»  танымдық марафонына бастама берілді

Ақмола облысында «Рухани жаңғыру негізі – мемлекеттік тіл» танымдық марафонына бастама берілді

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің қатысуымен «Рухани жаңғыру негізі – мемлекеттік тіл» танымдық дәрісі өткізілді.

Іс-шара барысында Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Айгүл Талпақова қазақ тілін латын жазуына көшірудің артықшылықтары, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, заманауи ақпараттық технологияларға кеңінен қол жеткізу мүмкіндіктері туралы айтып өтсе, Ақмола облыстық оқу-әдістемелік орталығының оқытушысы Қарагөз Жамұханова қазақ жазуының тарихына шолу жасады.

Аталған орталықтың оқытушысы Бибігүл Даирова Департамент қызметкерлерін жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерімен таныстырды.

Мемлекеттік қызметшілердің латын графикасындағы қазақ тілі әліпбиінің практикалық қолданылуын біртіндеп енгізу және оны кеңейту арқылы жаңа әліпбиге жүйелі өтуге жағдай жасауға бағытталған бұл іс-шара  Департаменттің бастамасымен Ақмола облысының мемлекеттік органдарында марафон ретінде жалғастырылады.

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив