Елордалық Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы азаматтардың көмегімен тыйым салынған заттарды белгілі жерлерге жасыра  отырып таратқан  екі күдіктіні ұстады

Елордалық Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы азаматтардың көмегімен тыйым салынған заттарды белгілі жерлерге жасыра отырып таратқан екі күдіктіні ұстады

 

Белсенді азаматтық ұстанымын таныта отырып, ер азамат үйінің жанында бірнеше рет күдік тудырған адамдарды көргені жөнінде полицияға хабарлаған.

Қала тұрғынының хабарламасына сәйкес полицейлер жедел әрекет еткен. Нәтижесінде Алпамыс көшесі бойында орналасқан тұрғын үйдің жанында айналымда тыйым салынған заттарды таратады деген күдікпен  24 жастағы жігіт пен 27 жастағы қызды ұстаған. Тергеу шаралары барысында олар аталған заттарды жасырған жерді көрсеткен.

Бүгінгі таңда аталған факті бойынша ҚР ҚК 297- бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ұсталған тұлғалардың елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Ағымдағы жылдың басынан полицейлер психобелсенді заттардың таралуына қатысы бар  45-тен астам сайтты анықтап, бұғаттады. Тұрғын үй кіреберістерінде есірткі заттарын жариялайтын сайттардың сілтемесін жазып жүрген екі құқық бұзушыны ұстаған.

Астана қаласының Полиция департаменті  заңсыз есірткі айналымына қатысты тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттері жөнінде белгілі болған жағдайда, Астана қаласы Полиция департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының 71-63-93;71-62-60 анонимді сенім телефондарына немесе 102 нөмірі арқылы қоңырау шалуларын сұрайды.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив