Ақмолалық «Саналы ұрпақ» клубтарының көшбасшылары тұрмыстық жемқорлықты қалай жеңуге болатынын айтты

Ақмолалық «Саналы ұрпақ» клубтарының көшбасшылары тұрмыстық жемқорлықты қалай жеңуге болатынын айтты

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңесесі басшысының «Саналы ұрпақ» клубының мүшелері болып табылатын облыстың колледждері мен жоғары оқу орындарының студенттерімен кездесуін ұйымдастырды.

Кездесу барысында жобалық кеңсенің басшысы Ерлаз Жайықбаев жастарға тұрмыстық жемқорлықтың туындауына жол ашатын жемқорлық тәуекелдері жөнінде айтып берді, себебі көптеген жастар күнделікті өмірде жемқорлық тәуекелдерін көріп жүріп, ненің дұрыс, ненің дұрыс еместігін білмегендіктен оны жоюға бағытталған шараларды қабылдамайды.

Кездеуге қатысып отырған болашақ мамандар еліміздің өміріндегі маңызды стратегиялық шешімдерді қабылдау үшін барлық күші мен қажетті ресурстарының бар екенін елестетіп, білім, денсаулық сақтау, құрылыс, әлеуметтік қорғау, жер қатынастары сияқты маңызды салалардағы тұрмыстық жемқорлықтың туындау себептерін талқылап, оларды жоюдың шешімдерін ұсынды.

Мысалға, денсаулық сақтау саласында барлық оқу құралдарында жемқорлыққа қарсы көрнекіліктерді орналастыру, электрондық журналға ата-аналар мен мұғалімдердің хат алмасуына арналған ашық чат енгізу, оқыту бағдарламасына міндетті жемқорлыққа қарсы пән енгізу, мұғалімдер мен оқушыларды жақындастыруға бағытталған тренингтер өткізу, жастар арасында жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыруға бағытталған іс-шараларға көбірек көңіл бөлу сияқты ұсынымдар айтылды.

Тіпті күтпеген ұсыныстар да айтылды. Мысалға, емтихан қабылдаушы мамандарды жалғандық детекторы арқылы тексеру. Қатысушылардың ойынша, бұл олардың емтихан өткізу барысындағы жауапкершілігін арттырады.

Мемлекеттік қызметке түсу, оның тартымдылығын арттыру мәселесі де қозғалып өтті. Ерлаз Жайықбаев өз сөзінде мемлекеттік қызметтің ең алдымен әуестік, ар-намыс ісіне айналуы тиіс екендігін және оған өз елінің дамуына үлес қосуға ынта-ықыласпен келу керектігін атап өтті. Талқылау барысында қатысушылар мемлекеттік қызметке қабылдау үдерістерінің ашықтығына көңіл аударды. Мүдделер қақтығысына жол бермеу үшін олар мемлекеттік қызметке іріктеу барысына генетикалық мониторинг енгізуді ұсынды. Осыншалықты жасампаз жастардың болашақтағы әлеуеті зор екенін мойындау қажет.

Жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатайту, лауазымдық тұлғалардың қызметіне бақылауды күшейту сияқты ұсынымдар да дұрыс шешім деп қабылданды.

Кездесу соңында Ерлаз Жайықбаев «Саналы ұрпақ» клубтарының мүшелеріне олардың белсенділігі үшін алғыс білдіріп, өзгерістерді әр адам өзінен бастау керектігін атап өтті.

 

Жазира Тоқтар, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив