Ақмола облысында жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстың қорытындылары жасалды

Ақмола облысында жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстың қорытындылары жасалды

 

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2018 жыл ішінде Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарған қызметі бойынша қорытынды брифинг өткізді. Брифинг Ақмола облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Есбол Кенжалиннің қатысуымен өтті.

Өз сөзінде Есбол Кенжалин Департаменттің басты бағыттарының бірі жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру екенін атап өтті. 2018 жылы облысымыздың барлық мақсатты топтарын қамтумен кешенді іс-шаралар өткізілді. Ол шамамен мың жарымнан астам түрлі форматтағы іс-шаралар болды.

Сонымен қатар облысымызда жүзеге асырылып жатқан «Protecting business and investments», «Қоғамдық бақылау картасы», «Адал жол» жобалары, білім саласындағы «Адал ұрпақ»,  «Саналы ұрпақ» клубтары және адалдық дүкендері жайлы сөз қозғалды.

«Жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруда қоғам өкілдерінің рөлі зор. Біз арнайы мониторингтік топтың мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланамыз. Топтың құрамына қоғам ішінде құрметке бөленген, өмірлік және  кәсіби тәжірибесі бар, белсенді азаматтық ұстанымға ие тұлғалар кіреді. 2018 жыл ішінде 10 АМТ отырыстары өткізіліп, 26 сұрақ қаралды. Қоғамдық бақылаумен  білім, денсаулық, коммуналдық қызметтер, жолаушылар тасымалы және басқа да салалар қамтылды» - дейді өз сөзінде Есбол Кенжалин.

Жемқорлықтың алдын алудағы БАҚ рөлі де аталып өтті. 2018 жылы бұқаралық ақпарат құралдарында екі жарым мыңнан астам ақпарат жарияланды (сұхбат - 36, авторлық мақала – 274, тікелей эфир – 12, арнайы репортаж – 33, азаматтарды жеке қабылдау – 25, өзге материалдар - 1874, оның ішінде телеарналарда  303 сюжет, баспасөз беттерінде 698 мақала, радиода 46 аудиожазба, ақпараттық агенттіктерде 1593 жаңалық жарияланды).

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының департаментімен бірлесіп тұрақты негізде жемқорлық тәуекелдерін талдау, еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізіліп тұрады. Өткен жылы 13 мемлекеттік органдар мен ұйымдарда жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіліп, олардың нәтижелері бойынша 76 ұсыным енгізілді, оның ішінде 32 ұсыным НҚА тарапынан.

Заңсыз материалдық сыйақы бергені үшін жазаның қолданылмай қалмайтындығы бүгінгі таңда толық негізде іске асырылып келетін «бір пара – екі қылмыскер» ұстанымына негізделеді. Осылайша өткен жылы заңсыз материалдық сыйақы бергені үшін 3 жеке тұлға жалпы құны 962,0 мың теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ҚР ӘҚБК 676 бабы бойынша жемқорлық құқық бұзушылықтары).

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес квазимемлекеттік сектор ұйымдары мен субъектілері жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау өткізіп, олардың нәтижелері бойынша жемқорлықтық құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себеп-салдарды жоюға бағытталған ұсынымдар енгізеді. Өткен жылы мемлекеттік органдар мен ұйымдар өздігінен 158 ішкі талдау жүргізіп, 481 ұсыным енгізді.

Өз сөзін қорытындылай келе Есбол Кенжалин аймақтағы жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстың өз жалғасын табатынын атап өтті.

 

Жазира Тоқтар, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив