Азат Перуашев: «Қазақ тұлпары» – біздің ұлттық бренд

Азат Перуашев: «Қазақ тұлпары» – біздің ұлттық бренд

 

Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев Қостанай өңіріне сапары аясында «Қазақ тұлпары» жылқы зауытына барып, серіктестік басшылығымен кездесті.

«Қазақ тұлпары» ЖШС-ның директоры Диас Қоңыршин атқарылған жұмыстар жөнінде айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Оның айтуынша, кәсіпорын Қостанай тұқымын дамытып, әрі қарай жетілдіру үшін инвесторлар тапқан екен, енді Ауыл шаруашылығы министрлігі ақшалай қаражат бөлу жолдарын қарастыруда.

«Қазақ тұлпары» ЖШС жұмысымен танысқан Азат Перуашевқа мекеме басшысы бірқатар мәселелер мен кедергілер туралы айтты.

– Бұған дейін барлық жағдай жасалып келген еді. Қаржылай көмек те көрсетілген. Өкінішке орай, оның барлығы тоқтады. Неге? Ол жағына тоқталғым келмейді. Ауыл шаруашылық саласында дұрыс жұмыс жасалмаған. Бірақ, әлеует бар бізде. Қазіргі уақытта бағдарлама бойынша 3 асыл тұқымды жылқыны сатып алмақпыз,  – деді мекеме басшысы.

Мәжіліс депутаты өз кезегінде қазақ жылқысына тек соғым ретінде ғана қарамау керектігін тілге тиек етті.

— Қостанай жылқысы жойылу алдында тұр. Небәры 20 млн теңгеге асыл тұқымды жылқыларды қалай өсіруге болады? «Қазақ тұлпары» – біздің бренд. Өзге елдерде осы бағытта жұмыс істейтін білдей бір министрліктер бар. Бізде қостанай жылқысын сақтап қалумен айналысып отырған сіздер ғана, – деді Перуашев.

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив