Ақмола облысында әскери қызметшілерді жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын күшейтуге шақыруда

Ақмола облысында әскери қызметшілерді жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын күшейтуге шақыруда

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жергілікті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро департаментімен бірлесіп Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының №5510 әскери бөлімінің жеке құрамымен кездесу ұйымдастырды.

Кездесу жемқорлық қылмыстарының алдын алу мақсатында өткізіліп, оның барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 200 бабы шеңберіндегі қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнiндегi ұсыным беріліп, қызмет барысында құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде айтылды.

Оған қоса, Департамент жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында тұрақты негізде құқық қорғау органдары арасында түсіндіру іс-шараларын өткізіп отыратынын атап өткен жөн. Өткен жылы көптеген осындай іс-шаралар өткізіліп, бұндай кездесулер ағымдағы жылы да жоспарда көзделген.

Әскери бөлімнің жеке құрамы алдында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Ұзынжас сөз сөйлеп, жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шаралар жөнінде айтып, әскери қызметшілерді заңсыздыққа жол бермеуге шақырды.

 «Егер жемқорлық құқық қорғау органдары мен әлеуетті құрылымдарда таралса, ол мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Елбасымыз – ҚР Әскери күштерінің бас қолбасшысы Нұрсултана Назарбаев «үлкен құзыреттілікке қол жеткізген погон таққан адамдар өздерінің кәсібилілігі мен іс-әрекеті арқылы басқалардан ерекшеленуі қажет» деп бекер айтпаған» - дейді өз сөзінде Бауыржан Ұзынжас.

Өз кезегінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Дархан Хайруллин нақты мысалдар келтіре отыра, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын бұзуының салдары туралы сөз қозғап, жемқорлықтың алдын алудың негізгі бағыттарына тоқталды. Өз сөзінде ол әскери қызметшілерге әйгілі италияндық дипломат Никколо Макиавеллидің жемқорлық туралы айтқан сөзін келтірді.

«Асқынған ауруды басында емдеу жеңіл, бірақ дер кезінде анықтау қиын. Ол өршіген кезде анықтау жеңіл де, ал емдеу қиынға түседі.

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі кінәлі адамдарды жазалап қана қоймай, ең алдымен жемқорлық қылмыстарының алдын алуға баса назар аударады» - дейді өз сөзінде Дархан Хайруллин.

Кездесу сөңында әскери қызметшілерге жемқорлық қылмыстары үшін жауапқа тартылған қызметкерлер туралы бейнематериал көрсетілді.

Жемқорлықты тұрақты алдын алуды қажет ететін «ауру» деп атайды. Құқық қорғау органдарының жұмысшылары мемлекетке адалдық, сатылмаушылық, адамгершілік, мемлекеттік мүдденің жеке мүддеден жоғары болуы, ҚР Конституциясы мен заңдарын қорғауға әрқашан дайын болу, лауазымдық міндеттерді бұлжытпай орындау, мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру, лауазымдық жағдайды жеке мақсаттарда пайдаланбау сияқты қасиеттерге ие болған кезде  жемқорлықты түбегейлі жоюға жол ашылады.

 

Жазира Тоқтар, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз-хатшысы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив