Электронды сауданының халық және бизнес үшін артықшылықтары

Электронды сауданының халық және бизнес үшін артықшылықтары

 

Қазақстан әлемдік қаржы дағдарысының ел экономикасына және қаржы жүйесіне теріс әсер етуіне қарамастан және қазіргі уақытта өзінің дамуының жаңа, дағдарыстан кейінгі сатысына кіруде. Дамудың дағдарыстан кейінгі кезеңіне кіру елге әлеу­меттік-экономикалық дамудың барлық көрсет­кіші бойынша, оның ішінде қаржы жүйесінің даму деңгейі және оған қызмет көрсету түрлері мен сапасы бойынша пайдалану мүмкіндігін арттырды.

Халыққа қызмет көрсету және әлеуметтік жағдайын арттыру мақсатында орындалған жұмыстар заман талабына сай орындалуда. Яғни, сауда түрін жетілдіру және жаңа технологияларын пайдалану бойынша халыққа тұтыну сұранысын қанағаттандыру басты мақсат екені белгілі.

   Енді электрондық сауданың дәстүрлі түрінен айырмашылығын он сатылы ерекшелігі бойынша анықтайды, яғни:

- сатып алушыларды өзіне бейімдеу әдісі. Тұтынушыларды дүкенге бейімдеу  тәсілі үлкен мәнге ие. Ол сауданың дәстүрлі түрінде 4 кезеңмен сипатталады:

- тұтынушыны жарнама арқылы еліктіру, мұнда дүкен орналасқан орын аса маңызды болып табылады;

- тұтынушығы дүкен сөрелерінің ерекше,  әрі ұйымдастыру жолдарымен  әсер ету; 

- дүкенге кірген тұтынушыны сауда алаңындағы тауардың орналасуы және оның ыңғайлы, тартымдылығы;

-  тұтынушының  қажетті тауарды таңдауы кезінде сауда алаңындағы кеңесшілер көмегі арқылы тауарды таңдау.

Ал, электронды саудада жоғарыда аталған сатылар басқаша ұйымдастырылады:

Біріншіден - электронды сөрелер. Тауар туралы  жарнамалық ақпарат электронды дүкендер сөрелерінде орналасады. Бұл қай жерден қай тауарды алу керектігін қамтамасыз ететін қысқа және түсінікті түрі болып табылады.

Екіншіден – тұтынушыға  психологиялық әсер етуі. Электронды саудада сатушылар сатып алушыларға психологиялық әсер ете алмайды. Мысалы, электронды саудада сатушы сатып алушыға өз келбетімен, сауаттылығымен, көркемділігімен және жағымды дауысымен әсер ете алмайды.

Үшіншіден - тауар туралы ақпарат беру. Қарапайым сауда үрдісінде тауармен жеке танысу қалыптасады. Ал электронды саудада тұтынушы тауар туралы сипаттамасы мен  ақпараттық анықтамасын оқу арқылы танысады.

Төртіншіден - сауда жасау. Қарапайым сауда жасау кезінде тұтынушы тауарды жеке сатып алады. Ал электронды саудада сатып алушы тіркеуден өтіп,  Интернет арқылы тапсырысты рәсімдейді.

Бесіншіден -  сауда ұйымдастырылуында шығын мөлшері. Электронды дүкенде сауданы ұйымдастыру және қызмет көрсету кеңселері, офистер, қойма және басқа да құралдардың болуын қажет етпейді. Бұл жарнама, бөлшек сауда мазмұнына шығынды азайтады және тауар арзанырақ болады.

Алтыншыдан - дүкенді аралау қарапайымдылығы. Қажет тауарды іздеу мақсатында дәстүрлі сауда орнын аралағаннан, электронды  дүкенді аралау оңай.

Жетіншіден  - тиімділік деңгейі. Кез-келген электронды дүкен әлемнің кез-елген жерінде, іссапар немесе демалыс кезінде қажетті тауар немесе қызмет көрсету таңдауы шектелмеген. Мұнда дүкендер дәстүрлі сауда орнындай сатып алушыларға толы емес, яғни кезекте тұрмайсың және тәулік бойы жұмыс істейді. Сатып алушы кез-келген уақытта өзіне қажетті  тауарды сатып ала алады.

Сегізіншіден  - қызмет көрсету сапасы.Қарапайым дүкенде тауарды сатып алу не тауар туралы кеңес алу үшін кеңесшілер көмегіне жүгінуге тура келеді. Мұндай жағдайда таңдалатын тауар сатушының сатып алушыға   неғұрлым сапалы кеңесіне және бөлген уақытына байланысты. Электронды дүкен сатып алушыны тауар турала толық ақпараттық көмекпен қамтамасыз ете алады. Алайда дұрыс ұйымдастырылмаған электронды дүкен қызметі тиімді нәтиже бермейді.

Тоғызыншы - нарыққа шығу мерзімі. Электронды дүкен ұйымдастырылуына  дәстүрлі дүкен ұйымдастырылуына қарағанда  аз мерзім кетеді. Өндіруші фирма  тауар бағасын өзі анықтап өзі қадағалай алады.

Оныншы - тауар түрлері. Дәстүрлі дүкенде  тауар түрі аз болғандықтан  сатып алушы қажетті тауарын бірнеше дүкендерден іздеуге мәжбүр болады. Егер тұтынушыға қажетті тауар бір электронды дүкенде болмаса, онда оны басқа дүкеннен не тікелей өндірушіден табуға мүмкіншілігі бар.

         Біз жоғарыда  атап өткен 10 негізгі айырмашылықтан басқа, электронды сауданың сапалық және сандық өзгерістері бойынша ажыратады, яғни:

- сатушы мен сатып алушы арасында тікелей келісім жүргізілмейді. Пошталық және телефон тапсырыстары арқылы – ақ саудада сапалық өзгерістер көрініс табады. Электронды сауда Интернет арқылы жылжуы бойынша сатушы мен сатып алушының қатысуынсыз-ақ келісімшарттар көлемін ұлғайта береді. Ол ары қарай үлкен бір кәсіпкерлік істің бір бөлігіне айналады.

-  аутентификация - бір тараптың екінші тарап қатысуынсыз-ақ сұхбаттасу терезелері арқылы келісім жүргізе алуы. Сауда келісімі  кезеңінде сатып алушы сатушы ұсынған несиелік - дебеттік операциялар жүргізуі үшін  сатушы экранда бірнеше қаржылық төлем түрлерін ұсынады. Ал сатып алушы өз кезегінде оның төлемқабілеттілігіне кепілдік беретін қаржылық және басқарма мекемелерін де идентификациядан өтеді.

- төлем жүйелері өзінің көптеген банктік кредиттік қолданатын қаржылық төлем жүйелеріне қарамастан көбіне ақша айналымын және тауар айырбасы  бойынша да қолданады. 

 

З.Н. Нуржанова

Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік  кірістер басқармасының салық төлеушілерді тіркеу, ақпараттарды қабылдау және өңдеу

                                            орталығының бөлім басшысы                                           

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив