ҰРЛЫҚТЫ ҚАЙТАЛАҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК КҮШЕЙТІЛДІ

ҰРЛЫҚТЫ ҚАЙТАЛАҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК КҮШЕЙТІЛДІ

 

Меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша Заң аясында Қылмыстық кодекске ұрлықты қайталағаны үшін жауапкершілікті күшейтуді көздейтін түзетулер енгізілді, деп хабарлайды Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

Түзетулерге сәйкес бірнеше рет жасалған ұрлық  «ауырлығы орташа» қылмыс санатынан «ауыр қылмыс» санатына ауыстырылды. Бұл айыпталушыны тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкіндігінен айырады.

Бұған дейін бірнеше рет жасалған ұрлық үшін айыппұл немесе бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе мүлкін тәркілей отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жауапкершілік қарастырылған еді.

Енді бірнеше рет жасалған ұрлық үшін 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе мүлкін тәркілей отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік қарастырылатын болады.

Бұл түзету сол бір тұлғамен жасалған ұрлықты қысқартуға бағытталған.

Заңға енгізілген түзету осы жылдың 2 ақпанынан бастап күшіне енеді.

 

 ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі  басқармасы 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив