Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюро құқық қорғау органдарында бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюро құқық қорғау органдарында бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаменті, 070001,  Астана қаласы, Иманбаева көшесі, 16 «а», анықтама үшін телефон: 8-(7172)-72-65-26,72-65-27, е-mail: оk.astana@nab.gov.kz, құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын бос лауазымдарға конкурс жариялайды:

Жедел басқармасы Мемлекеттік басқару саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау бөлімінің офицері                    В-РКO-8 санаты бойынша (1 бірлік).

Функционалдық міндеттемелері: жедел-іздестіру қызметін және анықтауды жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлық көріністерін, сыбайлас жемқорлықтың жүйелі және ауқымды фактілерін анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының әдістері мен жоспарларын әзірлеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті жүргізуге Қазақстан Республикасының заңдарына жататын қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу және ашу бойынша басқа құқық қорғау және арнаулы органдармен өзара іс-қимыл жасау, жедел-қызметтік әрекетте анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою бойынша шараларды әзірлеуге қатысу, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы жеке және заңды тұлғалардың хабарламаларына (өтініштеріне) жедел әрекет ету бойынша шаралар қабылдау.

Біліміне және мамандығына қойылатын талаптар: нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін кәсіби жоғары білім.

Денсаулық жай-күйіне қойылатын талаптар: ҚР Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 31 наурыздағы № 132 «Ішкі істер органдарындағы қызмет үшін адамдардың денсаулығы жай-күйінің сәйкестігіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығымен айқындалатын құқық қорғау органдарында қызметін өткеру үшін тиісті жарамдылық санатының болуы.

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін білу. Полиграфологиялық зерттеу,мемлекеттік тілді білуі және жеке басының құзыреті бойынша тестілеуден міндетті түрде өту, дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер тапсыру.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаментінің қызметкерлеріне лауазымдық айлықақы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған барлық органдар үшін қызметкердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы» 2017 жылғы  16 қазандағы № 646қбпү Қаулысына сәйкес бекітілді (еңбекақы мөлшері 120 000 теңгеден бастап).

Конкурсты өткізу қағидалары мен құжаттардың үлгілері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 7 қазандағы № 4 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі - Қағида).

Құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күні.

Құжаттар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаментінің Кадр жұмысын ұйымдастыру бөлімінде (Иманбаева көшесі, 16 «а»404-бөлме), анықтама телефондары: 8-(7172)-72-65-26сондай-ақ электрондық түрде е-mail: ok.astana@nab.gov.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) қағиданың 1- қосымшасына сәйкес үлгідегі өтініш;
2) қағиданың 2 - қосымшасына сәйкес үлгідегі сауалнама;
3) қағиданың 3 - қосымшасына сәйкес үлгідегі өмірбаян (өз қолымен жазылған);
4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі;
5) бiлiмі туралы құжаттардың түпнұсқасы мен көшiрмелері, сондай-ақ «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, нострификациялау немесе танылу рәсімінен өткендігін растайтын құжат (шетелдік білім беру мекемелері берген дипломдар үшін);
6) еңбек қызметін растайтын құжаттың үміткер жұмыс істейтін мемлекеттік (құқық қорғау) органның кадр қызметтері растаған түпнұсқасы мен көшірмесі;
7) қызметтік тізім (құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері ұсынады);
8) құжаттарды тапсыру сәтінде тестілеу бағдарламасында көрсетілген мемлекеттік тілді білуін, Қазақстан Республикасының заңнамасынбілуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар сертификат тұпнұсқасы және  көшірмесі;
9) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде құқық қорғау қызметінің лауазымына қатысушының жеке құзыретін бағалаудан өтуі туралы қорытынды  тұпнұсқасы және көшірмесі.
10) әскери қызмет өткергені немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткені, сондай-ақ «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚазақстанРеспубликасының Заңына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылғаны немесе кейінге қалдырылғаны туралы расстайтын құжаттың тұпнұсқасы мен көшірмесі;
11) өлшемі 3х4 фотосурет (4 дана).

4), 5), 6), 8), 9), 10) тармақшаларда тізбеленген құжаттардың түпнұсқалары көшірмелермен салыстырылғаннан кейін үміткерге қайтарылады.

Құжаттардың толық пакетін ұсынбау конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Электронды пошта арқылы конкурсқа қатысу үшін құжаттарын ұсынған азаматтар 4), 5), 6), 8), 9), 10 тармақшаларда тізбеленген құжаттардың түпнұсқаларын салыстырып тексеру үшін ұсынады. Тізбеленген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда, тұлға конкурстың кейінгі кезеңдеріне жіберілмейді. 

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.Конкурстық комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл уәкілетті органының қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурстық комиссия отырысына қатысу үшін адамдар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей, кадр қызметіне тіркеледі. Тіркелу үшін адамдар кадр қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады. Байқаушылар әңгімелесу өткізу процесінде конкурсқа қатысушыларға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурстық комиссия жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, конкурсқа қатысушылардың жеке басының деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, үміткерлер қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

 

Конкурс кезеңдері туралы ақпарат Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Астана қаласы бойынша департаментінің жалпыға көрінетін жердегі ақпараттық стендтерінде, сонымен қатар www.kyzmet.gov.kz.интернет – ресурсында орналастырылады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив