Астана қаласының полиция қызметкерлері банктен несие алған әйел адамға қатысты тонау жасады деген күдікпен ер адамды ұстады

Астана қаласының полиция қызметкерлері банктен несие алған әйел адамға қатысты тонау жасады деген күдікпен ер адамды ұстады

 

Тергеу болжамы бойынша күдікті елордалық банктің филиалдарының бірінде бола тұра, несие алып жатқан тұлғалардың бірін құрбаны ретінде  таңдаған. Содан кейін әйелдің соңынан жүріп, үйдің ауласында ақша салынған сөмкені жұлып алып, жасырынып кеткен.

Тергеп-тексеру барысында куә қаскүнемді анықтауға және тануға көмектесті. Нәтижесінде 29 жастағы ер адам ұсталып,  Астана қаласының ПД Уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ол жасаған ісін мойындады.

Тонау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.Оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Аталған тұлғаның әрекетінен зардап шеккен азаматтарға Бейбітшілік көшесі мекенжайы бойынша Астана қаласының ПД жүгінуге немесе 71-61-51, 8-702-740-90-00 телефондарына немесе 102 нөміріне хабарласуды сұраймыз. 

Полиция қызметкерлері мүлікті жоғалтуға жол бермеу және жеке қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін орындау үшін бірнеше қағиданы ұстануға кеңес береді. Атап айтқанда: қоғамдық орындарда Сізде ірі ақша қаражатының немесе басқа да материалдық құндылықтардың бар екенін көрсетпеңіз, тәуліктің қараңғы уақытында үйге келе жатқан кезде адамдары жоқ жерлермен жүруден аулақ болыңыз, сөмкеңізді жүретін бөлік жақтан ұстамаңыз, оны иыққа іліп алыңыздар немесе қолтығыңыздың астына ұстап алыңыздар, егер кіреберісте танымайтын адамдарды көрсеңіздер онда үйге кірмей, өз үйіңіздің басқа тұрғындарын күтіп, солармен бірге кіріңіздер.

Сондай-ақ өте маңызды: егер сіз қарулы шабуылдың құрбаны болсаңыз, онда қарсылық көрсетпеңіз, қылмыскердің бет-әлпетін мұқият есте сақтап алыңыз және шұғыл түрде полицияға шабуылдау фактісі туралы хабарлаңыз, қылмыскердің белгілерін және ұрланған мүлікті сипаттап беріңіз.

 

Астана қ. ПД Баспасөз қызметі    

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив