Халықаралық интернетсіз күнге арналған  «Мен OFFLINE (оффлайн)» республикалық кең ауқымды балалар акциясы  2019 жылғы 27 қаңтар

Халықаралық интернетсіз күнге арналған «Мен OFFLINE (оффлайн)» республикалық кең ауқымды балалар акциясы 2019 жылғы 27 қаңтар

 

«Интернетті өшіріп, айналаға көз сал»

Бүгінгі таңда балалардың смартфоннан немесе планшеттен алшақтауына келісім бермеуі әр ата-анаға таныс жағдай. «Тағы да 5 минут және болды», «Мен жаңа ғана алдым ғой» сияқты сөздер күнделікті шындыққа айналды. Дүниежүзілік статистика бойынша, халықтың шамамен 50%-ы қандай да бір әлеуметтік желіде, ал кейбіреулері тіпті бірден барлық әлеуметтік желілерге тіркелген.

Интернетке тәуелділіктің алдын алу, кәмелетке толмағандардың Интернет белсенділігін бақылауға қатысты ересек интернет-қызметтерді пайдаланушылардың жауапкершілігін Интернет-пайдалану мәдениетін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  2019 жылғы 27 қаңтарда Халықаралық интернетсіз күніне арналған «Мен OFFLINE (оффлайн)» республикалық кең ауқымды балалар акциясын бастамасымен  өткізуде.

Аталған іс-шара оқушыларды смартфондардан, компьютерлерден және жаһандық желіден алшақтату, бұл күнді тек қана шынайы әлемде өмір сүруге, жақын адамдармен қарым-қатынас жасауға немесе оны сүйікті хоббиіне арнауға көмектеседі.

Акциямен республикадағы барлық 1-11 сынып оқушыларын қамту жоспарлануда. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары 1-4 сыныптарға арналған «Интернетсіз күнді қалай өткіздім» атты сурет байқауын, 5-11 сынып оқушыларына арналған «Мен OFFLINE (оффлайн)» эссэ жазуды ұйымдастырады.

Жұмыстар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің «Facebook» әлеуметтік желісінің ресми парақшасында орналастырылады.

 

ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив