Астанада стационарлық емдеудің сапасы артады.

Астанада стационарлық емдеудің сапасы артады.

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінде елордалық ауруханалардың қызмет көрсету деңгейін көтеру бойынша брифинг өткізілді.

«Астана – адалдық алаңы» жоба кеңсесі Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе отырып проблемалық мәселелерді анықтау және оларды шешу үшін бірқатар іс-шаралар өткізеді.

Мониторингтің нәтижелері бойынша «Астана – адалдық алаңы»  жобасының жетекшісі Жазира Жылқышиеваның айтуынша, кейбір медициналық мекемелердің палаталары мен қабылдау бөлімшелерінің ішкі жай-күйінде кемшіліктер бар.

«Емделушілерді қабылдау процедурасының нақты ережесі жоқ. Кезекте 1 және 2 сағаттан артық күту фактілері кездеседі. Стационарлық емдеу тәртібіне ерекше назар аудару қажет. Емделушілердің орналасқан палаталары жөндеу жұмыстарын, сондай-ақ терезелерін ауыстыруды қажет етеді», - деп баяндады Жылқышиева.

Тағы бір мәселе - тегін медициналық көмек көрсетуге қатысты болмақ. Соның ішінде, тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.

«Бүгінде азаматтардың басым көпшілігін «Мен қандай дәрі-дәрмек түрлерін тегін ала аламын?» деген сұрақ мазалайды. Науқасты ауруханаға жатқызу қажет пе деген де маселе туындайды.

Сондықтан, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, тұрғындарға түсінікті әрі қолжетімді түрде цифрлы, қағаз және аудио-визуалды форматта алгоритм жасақтау қолға алынбақ», - деді Жылқышиева.

Сонымен қатар қалалық медициналық мекемелердің бюджеттерінің ашықтығын қамтамасыз ету, дәрігерлердің этикасын арттыру және қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаны талдау бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

Өз кезегінде Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров Жоба шеңберінде жүзеге асырылатын жаңашылдықтар туралы атап өтті.

«Халықпен кері байланысты жақсарту мақсатында «Астана адалдық алаңы» жобасы шеңберінде Басқармамен ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап емханалардың бас дәрігерлерінің халыққа атқарылған жұмыстар туралы ай сайын есеп беруі туралы шешім қабылданды. Осылайша, емханалардың бас дәрігерлері емханаға тіркелген тұрғындармен тығыз қарым-қатынас орнатып сұрақтарды «қажетті жерде және жедел көмек көрсету» қағидаты бойынша шеше алады».

Барлық медициналық ұйымдарда арнайы QR кодтар орналастырылады. Онда сканерден өткізу арқылы сауалнамаға өтіп медициналық ұйым туралы пікір қалдыра алады.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта дәрігерге қойылған бағалаудың негізінде дәрігердің рейтингісін жасау мәселесі әзірленуде. Емделуші «СмартАстана» мобильді қосымшасы арқылы өзіне көрсетілген көмек пен аурухананың қызмет сапасына қатысты пікірін жане өз бағасын бере алады.

Жұмыс берушілердің жиі кездесетін шағымдарының бірі интернет-ресурстарда еңбекке жарамсыздық парағының еркін сатылуы болып табылады.

Медициналық ұйымдарда еңбекке жарамсыздық парағының заңдылығын тексеру үшін «СмартАстана» мобильдік қосымшасында ақпараттық қызмет әзірледік. Осылайша, жұмыс беруші берілген медициналық құжаттың шынайылығын дербес тексере алады», - деп хабарлады Надыров. 

Жазира Жылқышиеваның айтуынша, жұмыстың мақсаты - медициналық мекемелерге жаңа сапа стандарттарын енгізу, азаматтардың талап тілектерін ескере отырып емделушелрге жасалатын қолайлы жағдайларды арттыру, мемлекеттік медициналық мекемелердің қызмет көрсету және жұмыс сапасын жеке клиникалардың деңгейіне дейін көтеру.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив