Полиция қызметкерлері автокөліктерден бірқатар ұрлық жасаған күдіктіні ұстады.

Полиция қызметкерлері автокөліктерден бірқатар ұрлық жасаған күдіктіні ұстады.

Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы Полиция басқармасының полицейлері 8 рет автокөліктен ұрлық жасауда күдік келтіру бойынша жас адамды ұстады.

Қаскөй автокөліктерге емін-еркін кірген, сөйтіп автокөліктің багажнигінен немесе салонынан құнды заттарды ұрлаған. 24 жасар қаскөй ештеңеден қорықпай, көліктен ақшаны, ұялы телефондарды, құжаттарды, құралдарды, дәрі-дәрмек салынған жәшікті, парфюмді, тіпті көлікте қалдырылған тігін машинкасын алып кеткен.

Сондай-ақ ағымдағы жылдың 18 қаңтарында күдікті тұрғын үйдің ауласында тұрған автокөліктің құлпын ашу арқылы 300 мың теңге сомасында ақша қаражатын және бейнетіркегішті ұрлаған.

Күдікті бұрын осындай құқық бұзушылықтар жасағаны үшін Астана қаласы ПД УҰИ орналастырылған, қазір ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Оның  өткен жылы қылмыстық жауаптылыққа тартылғаны анықталды. Қазіргі уақытта осы факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Сондай-ақ күдіктінің бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Осы тұлғаның қылмыстық әрекетінен зардап шеккен азаматтарды Ақбұғы көшесі 2 мекенжайында орналасқан Сарыарқа ауданы ПБ жүгінулерін немесе 8(7172) 71-61-07; 71-66-39, және 102  телефондарына хабарласуларын сұраймыз.

Осыған байланысты көлік құралдарының иелерінен өте сақ болуларын, қарапайым сақтық шараларын сақтауларын, көліктен аз уақытқа шықса да есікті немесе терезені ашық қалдырмауларын, дабыл орнатуларын сұраймыз. Егер көлікті қалдыратын болсаңыз, онда күзетілетін тұраққа немесе бейнебақылау камерасы бар жерге қоюыңыз қажет.

 

Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив