Ақмолалықтар мемлекеттік қызметке түсу үдерістеріне енгізілген өзгертулермен танысты

Ақмолалықтар мемлекеттік қызметке түсу үдерістеріне енгізілген өзгертулермен танысты

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Райхан Братаева мемлекеттік қызметке түсу үдерістеріне енгізілген өзгертулер тақырыбында баспасөз-конференция өткізді. 

Спикердің айтуынша, а.ж. 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметке іріктеуде жеке қасиеттерге баға берудің жаңа жүйесі жұмыс істейді. Үміткерлерге қойылатын құзыреттіліктер бойынша талаптар «халыққа қызмет» ұстанымын негізге алған заманауи кәсіби мемлекеттік аппаратқа сай.

«Демек, кандидаттың үміттенген лауазымына қарамастан, үміткерлер парасаттылық, тұтынушыларға бағдарлау, жауапкершілік, бастамашылық, күйзеліске төзімділік сияқты талаптарға сай болуы керек. Бұл мемлекеттік қызметшіге арналған қажетті қасиеттердің базасы. Мемлекеттік қызметке түсуге үміттенген азамат әдеп нормалары мен стандарттарын ұстану қажеттілігіне дайын болуы тиіс. Осылай оның парасаттылығына баға беріледі» - деп Райхан Братаева мәлімдеді.

Лауазым деңгейін ескерумен өзін-өзі дамыту, жеделдік, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару, шешімдер қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару сияқты құзыреттердің болуы тексерілетін болады.

Сонымен қатар, спикердің айтуынша жауаптардың дұрыстығы деңгейі төмен болған жағдайда сертификат берілмейді. Ал осыған орай тестілеуден қайта өту тек бір ай мерзім өткеннен кейін ғана мүмкін болады.

Әзірленген құзыреттер шеңбері Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына және үздік шетелдік тәжірибеге сәйкес келеді. Сұрақтардың негізіне психометриялық есептер мен жағдаяттық кейстер алынып, олар үміткер туралы толық көрініс береді.

«Жаңа жүйеге сәйкес тестілеуге үміткерлердің жауаптарының дұрыстығы деңгейін анықтауға бағытталған сұрақтар қосылады. Жеке қасиеттерге баға беру бойынша тестілеуден өтудің мәні дұрыстығы бойынша 50%-дан кем емес. Төменгі шектік мәннің орнатылуының себебі үміткерлердің жауаптары шындыққа жанаспаған жағдайда олардың құзыреттілігін назарға алудың қажетсіз болуында жатыр. Тестілеуді орындауға 100 минут беріледі» - деп өз сөзінде Райхан Братаева ескертті.

Соңында үміткердің жеке қасиеттерін бағалау бойынша тестілеу нәтижесіне сәйкес әрбір бағаланатын құзыреттілік бойынша оның қысқаша мінездемесі беріледі. Бұл мінездемелерді конкурстық комиссия мүшелері үшінші кезеңде ескеретін болады.

Сонымен қатар мемлекеттік органдардың ішінде ішкі конкурстар өткізу барысындағы қағаз құжат айналымы шектелді.

«Мысалға, бұған дейін конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметшілер қызмет тізімін алу үшін кадрлық қызметке жүгінуге, кейін оларды мемлекеттік органға жолдауға мәжбүр болды. Бұл өз кезегінде құжат айналымы мен артық қағазбастылыққа алып келді. Ендігі кезекте ішкі конкурстарды өткізу барысында аталған үдерістер автоматтандырылды. Қызмет тізімдері автоматты электронды түрде "Е-қызмет" жүйесі арқылы, не болмаса мемлекеттік органның электрондық поштасына "Е-gov" арқылы жіберіледі» - деп спикер өз сөзінде мәлімдеді.

Үдерістерді автоматтандыру және құжат айналымын қысқарту жалпы конкурстарды ұйымдастыру барысында да қарастырылған.

А.ж. 1 ақпанынан бастап тестілеуден және жеке қасиеттерге баға беруден өткендігін растайтын сертификатты ұсыну талап етілмейді. Ендігі кезекте тестілеуден өткеннен соң азаматтардың нәтижелері «Е-қызмет» жүйесінде сақталып, олар мемлекеттік органдардың кадрлық қызметтері үшін қолжетімді болады.

Қазіргі уақытта Агенттік сәйкестендірілген ақпараттық жүйелерді енгізу арқылы психиатриялық және наркологиялық ұйымдармен берілетін анықтамаларды беру үдерісін автоматтандыру мәселесін шешуде.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив