Елордалық полиция қызметкерлері пәтер ұрлығын жасады деген күдікпен «гастролер»-ұрыларды ұстады. Ұсталғандар елордаға Қарағанды облысынан қылмыстық мақсатпен келген.

Елордалық полиция қызметкерлері пәтер ұрлығын жасады деген күдікпен «гастролер»-ұрыларды ұстады. Ұсталғандар елордаға Қарағанды облысынан қылмыстық мақсатпен келген.

 

Күндізгі уақытта белгісіз тұлғалар есіктің құлпын сындыру жолымен пәтерге кіріп, бағалы заттарын ұрлап кеткені туралы полицияға қала тұрғыны шағымданды. Пәтер ұрылары алтын бұйымдар, құндыз тон, дубленка  және 2,5 млн теңге көлемінде ақшалай қаражат жымқырған.

Жедел-тергеу шараларын жүргізу барысында «Есіл» ауданы Полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері  «ізін суытпай»  Астана-Қарағанды тасжолында қаладан шыға берісте автокөлікпен жасырынуға тырысқан екі күдіктіні ұстаған. Ұсталғандар 33 және 27 жастағы Жезқазған және Балхаш тұрғындары екені, бұрын осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылғаны анықталды. Жымқырылған бағалы затар алынып, иесіне қайтарылды. 

Қазіргі уақытта ұсталғандар Астана қаласы ПД УҰИ орналастырылды. ҚР ҚК 188-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде (ұрлық).

Ұсталғандардың елорда аумағында және басқа өңірлерде бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Азаматтарға тұрғын үй қауіпсіздігін қамтамасыз етулерін, мереке күндері өте сақ болуларын және пәтер ұрлықтарының алдын алу бойынша шаралар қабылдауын ұсынады.

 

Астана қ. ПД  Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив