Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес айлығы өз мәресіне жетті

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес айлығы өз мәресіне жетті

 

Елордада жыл сайын өткізілетін Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы қорытындыланды. Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен ЖИТС орталығы бір ай көлемінде аталмыш науқан аясында түрлі іс-шаралар, соның ішінде халық көп шоғырланған орындарда, яғни әуежай, халыққа қызмет көрсету орталығы, теміржол вокзалы мен сауда ойын-сауық орталықтарында және жоғарғы оқу орындарында бірқатар ауқымды акциялар өткізді. Онда тұрғындар тегін экспресс-тестіден өтіп, мамандар кеңесін тыңдады.

Жалпы, «Өз АИТВ мәртебеңді біл!» науқаны барысында 225 іс-шара өткізіліп, 34086 адам қамтылды, оның 1353-і экспресс-тестіден өтіп, барлығы теріс нәтиже көрсетті. Сонымен қатар, «Хан Шатыр» ОСО-да өткен қорытынды акция кезінде 83 адам жаңа әдіспен, яғни, қан тапсырмай, сілекей арқылы өз АИТВ мәртебесін білу мүмкіндігіне ие болды.

Сонымен қатар, қорытынды акция барысында АИТВ жұқпасының алдын алу бағытындағы ақпараттық насихат жұмыстарында белсенділік танытқан БАҚ өкілдері марапатталды. Іс-шара салауатты өмір салтын ұстануға шақыратын, жастардың флешмобымен аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласында 1997 жылдан бері 1443 АИТВ-инфекциясы тіркелді, оның ішінде осы жылдың 9 айында 150 жағдай.

 

Астана қаласының ЖИТС орталығы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив