«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-әрекеті!» ақпараттық акциясы

«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-әрекеті!» ақпараттық акциясы

 

Астана қаласы ПД-нің Жергілікті полиция қызметі басқармасымен ағымдағы жылдың 25 қарашасы мен 10 желтоқсан аралығында мүдделі мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып  жұртшылық арасында «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-әрекеті!» ақпараттық акциясын өткізуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты - зорлық-зомбылыққа ұшыраған отбасы мүшелеріне психологиялық, құқықтық көмек көрсету, отбасы құндылықтарын арттыру, зорлық-зомбылық құрбандарын оңалту бойынша қызмет көрсету, бұқаралық ақпарат құралдарында сенім телефондары және дағдарыс орталықтары туралы хабардар ету, сонымен қатар халық арасында құқықтық түсіндіру жұмысын өткізу, тұрмыстық қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың  алдын-алу болып табылады.

Осы іс-шара аясында Астана қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау тобының қызметкерлері ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқармасымен және "Үміт" дағдарыс орталығының психологтарымен бірлесіп ағымдағы жылдың 27 қарашасында "Артем" сауда үйінде елорда тұрғындары мен қонақтары үшін қоғамдық қабылдау өткізді.

Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің қызметкерлері елорда тұрғындары мен қонақтарына әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен кемсітушілік мәселелері бойынша брошюралар мен буклеттер таратты. Мұқтаж азаматтарға неке мен отбасын сақтау, ерлі-зайыптылар арасындағы өзара қарым-қатынасты түзету бойынша құқықтық, психологиялық көмек көрсетілді.

 

 Астана қ. ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

4 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив