Мемлекеттік органдардың жұмысына «ашық кеңістік» технологиясын енгізу туралы

Мемлекеттік органдардың жұмысына «ашық кеңістік» технологиясын енгізу туралы

 

«Астана - адалдық алаңы» жобасы аясында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев, Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов және Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Бауыржан Тортаевтың қатысуымен жиналыс өткізілді.

Жиналыс барысында мемлекеттік органдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, олардың қызметінің ашықтығы, сондай-ақ қоғамдық бақылаудың жаңа әдістерін әзірлеу саласында Жобаның жүргізген жұмыс нәтижелері ұсынылды.

«Астана - адалдық алаңы» жобасының жетекшісі Жазира Жылқышиева өз баяндамасында мемлекеттік органдардың қызметіне «ашық кеңістік» технологиясын енгізу жөнінде атап өтті.

«Бастапқыда бұл технология белгілі бір проблемаларды шешу үшін жеке компаниялардың кеңселерінде жұмыс істеу үшін әзірленген.

Open space қолдану сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың барлық талаптарына сәйкес келеді. Қызмет алушымен жасалатын диалог барынша ашық болады.

 Осы технологияның қазіргі дәстүрлі «кабинет» құрылымынан қандай артықшылығы бар? Егер мәселені осы немесе басқа мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі шешпесе, осы ғимаратта басқа бөлімнің өкілі отырады.

Мемлекет басшысы Жолдауда азаматтардың қажеттіліктеріне бағдарланған мемлекеттік аппарат құру қажеттігін атап өтті.

Open space технологиясы өте икемді және өзгермелі.

Кез келген уақытта сапалы қызмет көрсету үшін ұйымды кеңсеге қосуға немесе қажет емесін алып тастауға болады», - деді Жылқышиева.

Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек жаңа фронт-кеңседе тұрғындарға 177 ситуациялық шешімі бар 12 оператор кеңес беретінін айтты.

«Сонымен қатар, тұрғындар қоршаған ортаны қорғау басқармасы, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 7-20-25 ипотекалық несие беру бағдарламасымен, «Астана жастары» жастар ресурстық орталығымен және «Азаматтарға арналған үкімет»МК» КЕАҚ қызметтеріне қол жеткізе алады» - Арман Тұрлыбек деді.

Іс-шара барысында «QLT» ЖШС директоры Дәурен Салипов азаматтардың интерактивті қоғамдық бақылау картасына түсірген шағымдары жөнінде атап өтті. Карта азаматтарға бюджет шығынын бақылауға тікелей қатысуға мүмкіндік береді.

Картаны сынақ режимінде (қазан айының соңында) іске қосқаннан бері 7000 мыңнан астам адам келді.

23 шағым келіп түсті, олардың 11- емхана, 7- жолдар, 4- мектеп, 1- балабақша бойынша.

«Атамекен» ҰКП жанындағы IT-Кеңесінің жауапты хатшысы Ердос Ишанқұлов іс-шарада мемлекеттік ұйымдардың ұсынатын мемлекеттік қызметтерін бағалау жөніндегі «цифрлық агент» мобильді қосымшасымен таныстырды.

Сынақ режимінде іске қосылған сәттен бастап (ағымдағы жылдың 1 қарашасы) 967 қолданушы қсымшаны жүктеп және 365 өтініш келіп түскен. 246 азамат мемлекеттік қызмет көрсету сапасын 5, 52 азамат 4, 67 азамат 3 (5-өте жақсы, 4-жақсы, 3-қанағаттанарлық) деңгейінде бағалаған.

Ең көбі Ақмола облысында - 84, Ақтөбе облысында - 44, Алматы қыласында - 31, Алматы облысында - 30, Павлодар облысында - 75, Астана қаласында – 18 бағалаған.

Егер азамат қызмет алу кезінде теріс пікір қалдырса және оны қанағаттандырмаған жағдайда Агенттік мамандары 5 минуттың ішінде қызмет алушымен мән-жайды толық анықтау және проблемаларды жедел шешу үшін хабарласады.

Бұл қосымша мекеме ұсынатын қызмет сапасын арттыру үрдісін немесе төмендеуін бақылауға мүмкіндік береді.

Әзірге қосымша сынақ режимінде жұмыс істейді және оған Халыққа қызмет көрсету орталығы ғана қосылған, яғни ол азаматтар көп шоғырланатын және талап етілетін мемлекеттік мекеме болып табылады», - деді Ердос Ишанқұлов.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап Астана қаласында әкімдік пен мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бірлескен сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Астана - адалдық алаңы» жобасы жүзеге асырылуда. Оның мақсаты - тұрмыстық жемқорлықты жою, мемлекеттік органдардың қызметінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету және кең ауқымды қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.

 

ҚР МҚІСЖҚА Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив