Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық  қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық  кәсіподағының Төрағасы  Мирболат Хабиұлы Жақыповтың  Мемлекеттік қызмет істері   және сыбайлас жемқорлыққа   қарсы іс-қимыл агенттігінде сөйлеген сөзі   2018 ж. 23 қараша

Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Төрағасы Мирболат Хабиұлы Жақыповтың Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде сөйлеген сөзі 2018 ж. 23 қараша

 

Біз, Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы, жоғары, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың (мемлекеттік аппарат), банктердің, мемлекеттік қызмет көрсететін түрлі мемлекеттік мекемелердің, оның ішінде Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚО) қызметкерлерін біріктіреміз. Кәсіподақ ұйымдары Президент Әкімшілігінде (1990 жылдардың басынан бастап), облыстардың, қалалар мен аудандардың барлық әкімдіктерінде, ІІМ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мекемелерінде жұмыс істейді. Кәсіподақ мүшелерінің жалпы саны – 86 мыңнан астам.

Қазақстан ТМД-дағы алғашқылардың бірі болып 1993 жылы кәсіподақтар туралы Заңды қабылдады. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев азаматтық қоғамдағы кәсіподақтардың рөлін ерекше атап өте отырып, «Қазақстандық кәсіподақтар – тұрақтылық тірегі, әлеуметтік - еңбек қатынастарының базалық элементі» деп атап өтті. Біз Мемлекет Басшысына мемлекеттік қызметкерлерге қамқорлық көрсеткені үшін, әлеуметтік пакет, жалақыны мерзімді көтергені үшін алғысымызды білдіреміз. Президенттің соңғы Жолдауы – бұған дәлел!

Біз 2018 жылдың ақпан айында жаңа басшылық қайта сайланғаннан кейін кәсіподақтың қазіргі заман талаптарына бейімделуі, кәсіподақ мүшелерінің санын арттыру, басшы кадрларды жасарту бойынша жұмысты бастадық. Кәсіподақтың Орталық комитеті Алматы қаласынан Астана қаласына қоныс аударды (көшті). Жаңа ықшам аппарат құрылды, білікті және жас қызметкерлер қабылданды.

Бастауыш кәсіподақ ұйымдарын құру мақсатында барлық жоғары және орталық мемлекеттік органдардың басшылығымен және өкілдерімен кездесулер өткізілді.

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп екінші деңгейлі 10 банк басшыларымен сұқбаттасу өткізілді.

Барлық облыстар мен Алматы қаласының әкімдерімен кәсіподақтардың қызметі, облыстар мен аудандардың мемлекеттік мекемелерінде бастауыш кәсіподақ ұйымдарын құру мәселелері бойынша кездесулер өткізілді.

Ұжымдармен өткізілген кездесулердің қорытындысы бойынша алғаш рет Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде, барлық министрліктерде, Маңғыстау және Қарағанды облыстарының, Астана қаласының әкімдіктерінде кәсіподақ ұйымдары құрылды (барлық қалған әкімдіктерде кәсіподақтар бұрыннан жұмыс істейді). Қарағанды, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында Салалық кәсіподақтың облыстық филиалдары құрылды. 11 облыстық филиал мен аумақтық кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қайта немесе жаңадан сайланды.

Бұдан басқа, кәсіподақ құрамына «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» қоғамының кәсіподағы қабылданды.

Осылайша кәсіподақ мүшелерінің саны 5 айда 15 мың адамға өсті. Орталық және олардың аумақтық және жергілікті мемлекеттік мекемелерінде, сондай-ақ банк және квазимемлекеттік мекемелерде жаңа кәсіподақ ұйымдарды құру бойынша жұмыс жалғасуда.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Салалық кәсіподақ арасында 2018-2020 жылдарға арналған Салалық келісімге алғаш рет қол қойылды. Мені Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жанындағы Қоғамдық кеңестің құрамына қосты. Біздің облыстық филиалдарымыз Әдеп жөніндегі уәкілдерімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, өйткені кәсіподақ әрқашан медиация міндетін орындады.

Ұжымдарда қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық құқықтарын түсіндіру, оларды қорғаубойынша жұмыстар жүргізіледі. Мысалы, көптеген мемлекеттік мекемелерде жиі артық жұмыс жасаупрактикасы енді. Еңбек жағдайлары және еңбекті қорғау проблемалары бар. Біздің барлық кәсіподақ құрылымдарының назарын аудартқан алғашқы проблемалардың бірі мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс орындарында артық жұмыс жасауы. Қазір біздің кәсіподақ комитеттері Агенттік өкілдерімен бірге еліміздің мемлекеттік органдарында еңбек заңнамасын орындауының тексеру жүргізеді.

Кәсіподақ мүшелерінің кейбір санаттарында мәртебе және жалақы, зейнетақы мөлшерінің проблемалары бар (аз төленетін мемлекеттік қызметкерлер, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының,   медициналық-әлеуметтік мекемелерінің қызметкерлері және т.б.).

Салалық кәсіподақтың келесі басымдығы-кәсіподақ мүшелерінің денсаулығы мен еңбек қауіпсіздігіболып табылады. Сонымен, кәсіби аурулардың алдын алу мақсатында біздің әріптестеріміз қызметтік кеңістік пен холлдарда қарапайым спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыздандыруды, өндірістік гимнастиканы (оның ішінде Кәсіподақтар федерациясы мен салалық кәсіподақтар бірлесіп жақында құрылған Дене шынықтыру-спорт қоғамы нұсқаушыларының көмегімен) өткізуді және кәсіподақ шипажайларында, пансионаттарда және демалыс базаларында жеңілдікпен емдеуді ұйымдастырады. Мысалы, Президент Әкімшілігінің кәсіподақ комитеті қаланың фитнесс-орталығына бару кезінде кәсіподақ мүшелеріне 50 пайыздық жеңілдік қамтамасыздандырды.

Инвестициялар және даму министрлігінде икемді жұмыс кестесін енгізді, ал кәсіподақ комитеті кәсіподақ мүшелері үшін тегін спортзал ұйымдастырады. облыста аурулардың әртүрлі бейіндерін тиімді емдеу үшін 9 кәсіподақ шипажайлары мен пансионаттары жұмыс істейді. Агенттікпен және Кәсіподақ федерациясының кәсіби активтерді басқару жөніндегі Дирекциясымен бірге өңірлердің мемлекеттік қызметкерлеріне арналған шипажайлық жеңілдіктер бойынша келісіп жатырмыз.

Кәсіподақ комитеттері:

ұжымдарда корпоративтік рухты күшейту, кәсіподақ мүшелерінің-қызметкерлерінің мемлекеттік, орындаушылық және еңбек тәртібін арттыру (ұжымда және ұжыммен жұмыс істеу басшылығына серіктес болу); икемді жұмыс кестелерін, салауатты өмір салтын енгізу және қызметкерлердің демалуға құқықтарын қорғау, қызметтік асханаларда сапалы тамақтану және медициналық қызмет көрсету бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу, кәсіподақтың барлық мүшелері үшін жеңілдікті санитарлық-курорттық емделуге жәрдемдесуге бағытталған.

 Біз, мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің кәсіподағы, әріптестеріміз айтқандай, элиталық кәсіподақ!Сондықтан біз бұған сай болуға тырысамыз!

 

ҚР МҚІСЖҚА баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

2 пікір

  1. аватар
    Alethea 26 сентября 2023 00:16

    My partner and I absolutely love your blog and find nearly all
    of your post's to be just what I'm looking for. Would you offer guest writers
    to write content for yourself? I wouldn't mind publishing a
    post or elaborating on most of the subjects you write regarding here.
    Again, awesome web site!

    My web-site ... comprar lustral en Bolivia de forma legal

  2. аватар
    Kellee 18 марта 2024 13:24

    Great site you have here but I was curious about if you knew of any
    forums that cover the same topics discussed here? I'd really love to be a part of group where I can get feed-back from other experienced
    people that share the same interest. If you have any recommendations, please let me know.
    Thanks a lot!

    My page ... donde comprar medroxyprogesterone

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив