Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы

Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы

 

Радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi осы параграфтың мақсаттарында – төлемақы) байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бөлген радиожиiлiк спектрiнiң номиналдары (белдеулер, диапазондар) (бұдан әрi – радиожиiлiк спектрiнiң номиналдары) үшiн алынады.

Радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығы «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртiппен байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган берген рұқсат құжаттарымен куәландырылады.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығын алған тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

Мыналар:

1) өздерiне жүктелген негiзгi функционалдық мiндеттерді орындаған кезде радиожиiлiк спектрiн пайдаланатын мемлекеттiк мекемелер;

2) осы Кодекстің 550-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттар берілген кезде алынатын алымды төлеушілер;

3) бір станцияға пайдаланылатын жиіліктер үшін ОТ-диапазонды
(27 МГц) радиостанциялардың иелері төлемақы төлеушiлер болып табылмайды.

Байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар жылдық төлемақы сомасын көрсете отырып, хабарлама жазады және оны төлемақы төлеушілерге ағымдағы есепті кезеңнің 20 ақпанынан кешіктірмей жібереді.

Радиожиілік спектрін пайдалану құқығын куәландыратын рұқсат құжаты көрсетілген мерзімнен кейін алынған жағдайда, байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын  уәкілетті мемлекеттік орган салық төлеушіге төлемақы сомасын көрсете отырып, салық төлеуші радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат алған айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей хабарлама жібереді.

Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, жылдық төлемақы сомасы төлемақы төлеушінің тұрған жері бойынша бюджетке тең үлестермен ағымдағы жылғы 25 наурыздан, 25 маусымнан, 25 қыркүйектен және
25 желтоқсаннан кешіктірілмей  төленеді.

 

Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив