Ақмола өңірінің мемлекеттік қызметшілері Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын зор құлшыныспен қабылдады

Ақмола өңірінің мемлекеттік қызметшілері Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын зор құлшыныспен қабылдады

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізді.

Кездесудің тақырыбы Қазақстан Республикасы Президентінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылау болды. Талқылау шарасына тарих ғылымдарының докторы, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің профессоры Тахир Мухамадеев, журналист, жазушы-аудармашы, қоғам қайраткері, Қазақстанның журналистер одағының мүшесі Ғосман Төлеғұл, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің доценті, философия ғылымдарының кандидаты Рауза Абдулина, облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары Алма Құнанбаева қатысты.

Кездесуді аша отырып, Департамент басшысының орынбасары Райхан Братаева Елбасының өз мақаласында еліміздің тарихы туралы жазып, бұл бұған дейін құрылған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының өзіндік бір жалғасы болып табылатынын атап өтті. Аталған мақала біздің тарихи өткенімізді түсіну арқылы қазақстандық бірегейлікті түсіну мәселесінің өзегін ашады.

«Өз тарихымызды білу, қазақ халқының этногенезіне, Қазақстанның өзге де этикалық топтарына ықпал еткен тарихи оқиғалар мен құбылыстарды түсіну арқылы біз өткен өміріміздің қаншалықты маңызды екенін тереңірек түсінеміз, ол арқылы тарихи мысалдардың көмегімен қазіргі қазақстандықтардың санасын жаңғыртамыз.

Елбасы біздің салт атты мәдениетіміз, ежелгі металлургия, өнердегі аң стилі, Алтын адам, Ұлы жібек жолы сияқты жетістіктерімізді әділ адап өтті. Өкінішке орай қазіргі таңда күллі әлемге тараған алма мен жауқазынның кезінде алғаш рет Қазақстаннан шыққанын көбі біле бермейді» - дейді тарих ғылымдарының докторы, профессор Тахир Мухамадеев.

Елбасының мақаласы жөнінде өз ойын білдірген қоғам қайраткері Ғосман Төлеғұл бізге өз тарихымызға әлемнің дамуына қосқан үлесіміз тарапынан қарауымыз керек дейді. Оның айтуынша, тарихымызды осыншалықты кешенді және терең түсінуіміз дұрыс тарихи сананың қалыптасуы үшін зор мүмкіндіктер ашады. Тарихымызды дұрыс түсіну, өткенімізді тұтас қабылдау азаматтарымыздың, оның ішінде, бірінші кезекте жастардың жаңаша көзқарасын қалыптастыратын болады.

Талқылау барысында қатысушылар арасында диалог құрылып, мемлекеттік қызметшілер тарихи оқиғаларға қатысты өз ойларын білдірді.

Олар қоғамдық сананы жаңғырту жолдарын белсенді қолдап, «Мұрағат-2025», «Ұлы даланың Ұлы есімдері», «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» және өзге де жобаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

«Төл тарихын білетін, бағалайтын жә­не мақтан ететін халықтың болашағы зор бо­лады деп сенемін. Өткенін мақтан тұ­тып, бүгінін нақты бағалай білу және бо­лашаққа оң көзқарас таныту – елі­міз­дің табысты болуының кепілі», – деп Елбасымыз өз мақаласында жазып өткен. Осы бір сүйіспеншілік пен терең мағынаға ие дана сөздермен әрбір мемлекеттік қызметшінің толықтай келісетіні рас.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив