Маңғыстау жерінде өткен тарихи турнир өз мәресіне жетті

Маңғыстау жерінде өткен тарихи турнир өз мәресіне жетті

 

Түбекте тұңғыш рет ұйымдастырылған бокстан ерлер арасындағы ҚР чемпионаты өз мәресіне жетті. Есімдері елге таныс боксшылардың  шаршы алаңдағы шеберлігіне куә болып, екінің біріне бұйыра бермейтін турнирді өз көзімен тамашалаған жергілікті халықтың қуанышында шек жоқ. Жеті күн бойы Маңғыстау Арена  кешені көрерменге лық толып, жастардың рухын жігерлендірген жарыс болғаны анық.

Турнир қорытындысы бойынша, командалық емепте бірінші орынды 2 алтын, 3 күміс және 2 қола медальмен Түркістан облысы, екінші орынды  бір алтын, үш күміс және төрт қола медальмен Маңғыстау, ал үшінші орынды Жамбыл облысы 1 алтын, 2 күміс және үш қола медальмен қорытындылады.

Айтулы шараға еліміздің 14 облысы мен 3 республикалық маңызы бар қаладан барлығы 206 спортшы қатысты. Қатысушылардың қатарында әлемдік ареналарда топ жарып жүрген Қайрат Ералиев, Василий Левит, Әбілхан Аманқұл, Асланбек Шымбергенов, Бекдәулет Ибрагимов, Абылайхан Жүсіпов, Теміртас Жүсіпов, Ильяс Сүлейменов, Ерік Әлжанов, ағайынды Төлтаевтар бар. Жүзден жүйрік шыққандар келер жылы өтетін Азия және Әлем чемпионаттарында бақ сынайтын болады.

Жабылу салтанатын сөз алған облыс әкімі Ералы Тоғжанов турнирдің жоғары деңгейде өтуіне ат салысып, қолдау көрсеткен Қазақстан Бокс Федерациясының басшылығына алғысын айтып,  жарыстың құрметті қонағы Ермахан Ыбрайымов, Бақтияр Артаев, Болат Жұмаділов, Бауыржан Оспанов, Мырзағали Айтжанов, Марат Мәзімбаев, Мерей Ақшалов, Біржан Жақып, Нұржан Кәрімжановқа Маңғыстау халқының атынан ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, "Спорт  саласы қашанда елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының басты назарында. Тіпті халыққа арнаған әр жолдауында да отандық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттауға басымдық бере отырып, алдымызға нақты тапсырмалар қойған болатын. Себебі, бүгінгі жас спортшылар – ертеңгі елдің мықты азаматтары мен ел мерейін асқақтататын чемпиондар. Тынымсыз тер төгіп, аянбай еңбек еткен еліміздің спортшыларының туған еліміздің даңқын асырып, жаңа биіктерді бағындыра берулеріңе шын жүректен тілектеспін" деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар, салтанатты шарада екі бірдей Олимпиада ойындары мен Әлем чемпионаттарының екі дүркін күміс жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы,  Әділбек Ниязымбетов үлкен спорттағы карьерасын аяқтаған мәлімдеді.

Көпшілік алдында боксшымызға құрмет көрсетіліп, халық зор қошеметпен шығарып салды. Әділбек бауырымыздың отандық бокс алдында сіңірген еңбегі орасан зор. Екі бірдей Олимпиаданың жүлдегері атану кез келген спортшының қолынан келмейді. Сондықтан Әділбек алдағы уақытта тек жаңа белестерді бағындырады деп сенеміз және спорттық ғұмырындағы тәжірибесін өскелең ұрпаққа, тәуелсіз еліміздің өркендеуіне бағыттайтынына еш күмәніміз жоқ деді, облыс әкімі Ералы Тоғжанов. Маңғыстаудың тағы бір батыр ұлы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, бокстан Азия чемпионы, Әлем чемпионатының қола жүлдегері, бірнеше дүркін ел чемпионы, Берік Абдрахманов та былғары қолғабын шегеге іліп, шаршы алаңдағы орнын кейінгі жастарға аманаттады. Алдағы жоспары шәкірт тәрбиелеп, Маңғыстау бокс мектебінің дамуына өз үлесімді қоссам дейді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

9 пікір

  1. аватар
    Deanne 21 ноября 2023 20:55

    I think what you published was very reasonable.

    However, what about this? suppose you were to write a awesome headline?
    I ain't suggesting your information isn't solid., however what if
    you added a post title that grabbed folk's attention? I mean Маңғыстау
    жерінде өткен тарихи турнир өз мәресіне жетті » Infozakon is kinda boring.

    You should look at Yahoo's front page and note how they create post titles
    to grab viewers to click. You might add a video or a picture or two to get
    readers interested about what you've got to say. Just my opinion, it could make your posts a little livelier.


    Also visit my homepage: purchase generic asacol 15mg online india

  2. аватар
    Franziska 2 декабря 2023 21:21

    I love your blog.. very nice colors & theme.

    Did you design this website yourself or did you
    hire someone to do it for you? Plz answer back as I'm looking to create my own blog and would like to know where u got this from.
    thank you

    my web site; Nancee

  3. аватар
    Roseanna 4 декабря 2023 05:49

    Its like you learn my mind! You seem to know so much approximately this,
    like you wrote the e book in it or something. I think that you
    just could do with a few % to drive the message home a little
    bit, but instead of that, that is excellent blog. An excellent read.

    I'll definitely be back.

    Feel free to visit my web site; suprax en venta libre en Bélgica

  4. аватар
    Lorna 13 января 2024 03:56

    Excellent weblog right here! Also your web site quite a bit up very fast!

    What host are you the use of? Can I am getting your affiliate hyperlink
    for your host? I wish my web site loaded up as quickly as yours lol

    Also visit my website; kytril veilig kopen

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив