Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік заңнаманы жетілдіру

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік заңнаманы жетілдіру

ҚР Әділет министрлігі Reed Smith LLP компаниясымен бірлесіп, «Кәсіпкерлік кодексінің ережесін одан әрі дамыту мәселесі»атты дөңгелек үстел өткізді. Шараға халықаралық сарапшылар, бизнес қауымдастығы және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері қатысты.

 Дөңгелек үстелдің мақсаты – заңжобалық қызметте қолданылатын Кәсіпкерлік кодексінің жекелеген ережелерін одан әрі жетілдіру бойынша халықаралық сарапшылар әзірлеген тәсілдерді таныстыру және талқылау.

 Шара барысында корпоративтік заңнаманы реформалау мен келісімшарттық құқық мәселелері де талқыланды. Бұдан бөлек, қатысушылар шетелдік инвестициялар мен инвестор және мемлекет арасындағы даулар бойынша жекелеген мәселелерді ортаға салды.

Талқылауға ұсынылған бастамалар ұлттық заңнаманы, құқық қолдану практикасын, доктринаны және шетелдік тәжірибені талдау барысында әзірленді. Атап айтқанда, англо-саксондық және романо-германдық құқықтық дәстүрлері бар Ұлыбритания, Германия, Сингапур сынды елдердің заңнамалары зерделенді.

Жалпы, дөңгелек үстелде талқыланған идеялар мен ұсынымдар қазақстандық заңнаманың одан әрі дамуына ықпал ететіні сөзсіз. Атап айтқанда олар:

  • азаматтық айналым субъектілеріне кәсіпкерлік қызмет үшін көбірек еркіндік беру;
  • шарттық тәртіпті арттыру;
  • сыртқы экономикалық мәмілелерді реттеудегі қазақстандық заңнаманың бәсекеге қабілеттілігін нығайту;
  • инвестициялық ахуалды жақсарту және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдай жасайды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив