«HackDay 2018» КРЕАТИВТІ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ

«HackDay 2018» КРЕАТИВТІ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ

жобалар 24 сағаттың ішінде жүзеге асырылған алаң

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және Алматы қалалық әкімдігінің қолдауымен жыл сайынғы «HackDay» инновациялық идеялар фестивалі өтті.

«HackDay 2018» фестиваліне 5 бағыт бойынша 3148 қатысушы қатысып, 500-ден астам жоба ұсынылды. Олар - «Ақпараттық технологиялар», «Контент және медиа», «Дизайн және анимация», «Мобильдік технологиялар және Кино», «видео» бағыттары.

Шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Алмас Мадиев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мукушев, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Майраш Тайкенова, МУИТ ректоры Дамир Шыныбеков және кәсіпкер Қайрат Құдайберген қатысты.

Фестивальге сондай-ақ, Machine Learning Яндекс Россия жасаушысы Тильга Сергей, ТНТ каналының жүргізушісі Ксения Ильиных, режиссер, «Ёлки новые» фильмінің сценаристі Егор Чичканов, «Propellers» анимациялық студиясының директоры Артур Шамшадинов қатысты. Іс-шара қонақтары жобаның ұйымдастырылу деңгейі мен қатысушылардың жұмыстарына жоғары баға берді. Өйткені қатысушылар 3 минуттың ішінде өз идеяларын көпшілікке жеткізіп, 24 сағаттың ішінде дайындалған жобаларын көрсетті. Өз берген сұхбатында «Propellers» анимациялық студиясының директоры Артур Шамшадинов 24 сағаттың ішінде жасалып жатқан жобалар көңілінен шыққандығын айтады. «Кейбір студиялар бұл жұмысты айлар бойы істейді, ал фестиваль шеңберінде балалар бір түннің ішінде қызықты жобалар жасап шығарды. Шара көңілімнен шықты» дейді А.Шамшадинов.

Түрлі жастағы адамдар мен түрлі мамандық иелерінің басын қосқан фестиваль тек Қазақстан мен Ресейден келген қатысушылардың бастарын қосты. Шара қатысушылары түрлі салалардағы өз білімдерін көрсете білді. Айта кеткен жөн, шараның ең жас қатысушысы 10 жаста. Студенттермен қатар өз бағын сынап, «Мобильдік технологиялар» секциясы бойынша жобасын ұсынған Диана Султанова мен Айсауле Жумабаеваның да жұмыстары лайықты бағасын алды.

HackDay фестивалінің серіктестері - «Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім Қоры» қоғамдық қоры, Halyq Bank, Samsung және SmArt Point болды.

 

ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив