Ақтөбе облысының әкімдігі Тұрғын ү й құрылыс жинақ банкінің 500 салымшысына баспана сатып алу үшін бастапқы жарна төлеуге көмектеседі

Ақтөбе облысының әкімдігі Тұрғын ү й құрылыс жинақ банкінің 500 салымшысына баспана сатып алу үшін бастапқы жарна төлеуге көмектеседі

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларына пәтер сатып алу үшін қарыз беру туралы келісімге қол қойды. Жоба аясында облыстық әкімдікте тұрғын үй кезегінде тұрған және «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатысуға ниет білдірген азаматтарды қаржылай қолдау қарастырылып отыр.

Олар үшін аймақтық билік бірінші кезеңде бюджеттен 250 млн теңге бөлуге дайын. Аталған қаражат «Нұр-Ақтөбе» ықшамауданындағы бір бөлмелі пәтерлерді сатып алуда бастапқы жарнаны төмендетуге жұмсалады. Барлығы 500-дей пәтер сатылады деп жоспарланып отыр. Таза әрлеудегі тұрғын үйлердің 1 шаршы метрі 100 000-120 000 теңгені құрайды. Пәтерлер аумағы 32 және 54 шаршы метр аралығында.

- Мемлекет басшысы өз жолдауында қазақстандықтарға бастапқы жарна жинауға көмектесуді, осылайша ипотека қолжетімділігін арттыруды тапсырды. Қазір бұл тапсырма іске асырылып жатыр. Бөлінген әлеуметтік көмек аймақ тұрғындарына баспана сатып алуда жақсы қолдау болады. «Нұрлы жер» бағдарламасының шарттарына сәйкес, 5% мөлшерлемемен жеңілдетілген заем алу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шотта үй бағасының 20%-на тең бастапқы жарна болуы керек. Мәселен, аумағы 45 шаршы метр болатын пәтердің бағасы – 5 млн теңге. Оны сатып алу үшін банктегі салымда бар болғаны 10%-дың, яғни 500 000 теңгенің болуы жеткілікті, ал бастапқы жарна үшін қажет қалған 10%-ды әкімдік бюджеттен бөліп береді, - деп түсіндіріп өтті банк басшысы Ләззат Ибрагимова.

Әкімдіктен берілген қаражатты займшы бес жыл ішінде үстемақысыз қайтарады.

Қарыз алу туралы өтініштерді жергілікті әкімдік қызметкерлері 2018 жылдың 9 қарашасына дейін Ақтөбе қаласындағы Халықтық кеңсе ғимаратында қабылдайды. Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар – меншігінде тұрғын үйдің болмауы және төлем қабілеттілігін растай алуы.

Қарыз алушылардың қорытынды пулы бекітілген соң әкімдік әр үміткердің Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шотына бастапқы жарна үшін қаражат аударады, осыдан кейін заем ресімделіп, сатып алу-сату келісім-шарты бекітіледі.

 

***

  «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

8 пікір

  1. аватар
    Deandre 30 августа 2023 02:39

    What's Happening i am new to this, I stumbled upon this I
    have discovered It absolutely helpful and it has aided me out loads.
    I'm hoping to contribute & aid different users like its aided me.
    Good job.

    Here is my page: Penny

  2. аватар
    Delila 13 января 2024 12:21

    Hmm it looks like your site ate my first comment (it
    was extremely long) so I guess I'll just sum it up what I wrote and say, I'm thoroughly enjoying your blog.
    I too am an aspiring blog writer but I'm still new to everything.
    Do you have any tips and hints for novice blog writers?
    I'd definitely appreciate it.

    Also visit my blog post; Preis für
    zapex in Wien

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив