Трансплантация туралы

Трансплантация туралы

Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдары ішінде отандық трансплантацияның айтарлықтай дамығаны байқалады. Қазіргі уақытта Қазақстанның трансплантация орталықтары донорлық ағзаларды ауыстырып салуды табысты жүргізуде, бұл отандық мамандардың көрсетіп отырған медициналық қызметі сапасының жоғары деңгейін растайды.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы ағзалардың трансплантациясын қажет ететін ҚР азаматтарын шетелдік клиникаларға жібермейді, себебі Қазақстанда жүректі ауыстырып салуды қажет  етілетін балаларды қоспағанда ағзаларды трансплантациялау түрлерінің барлық спектрі жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ағзаларды транспланттауды орындау үшін денсаулық сақтау субъектісі екі өлшемшартқа сәйкес келуі тиіс:

  1. трансплантация бойынша лицензиясының болуы;
  2. Трансплантация жүргізуге рұқсат етілген медициналық ұйымдардың тізбесіне ену.

Бүкіл әлемде адамның донорлық ағзаларын ауыстырып салумен  байланысты транспланттауды  адамның донорлық ағзаларын транспланттау және олардың айналымы саласындағы қылмысқа жол бермеу мақсатында денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бақылайды.

Уәкілетті орган бекітетін Трансплантация жүргізуге рұқсат етілген медициналық ұйымдардың тізбесі мемлекеттің осы саладағы тікелей бақылауын айқындайды.

Қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасы бойынша прокуратура органдарымен бірлесіп республикамыздың 5 өңірінде 11 трансплантация орталығын тексеру жүргізілуде. Тексеру пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтау мақсатында бастамашылық етілді.

 

Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің

баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив