Бүгінгі оқушы, ертеңгі маман!

Бүгінгі оқушы, ертеңгі маман!

Ақтөбеде облыстың белсенді оқушылары «Адал Ұрпақ» еріктілер клубының жиынында бас қосты.

Ерте жастан сыбайлас жемқорлықты жалпы қабылдамау және қарсы көзқарасты қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шараға 250 тәлім-тәрбие алатын жас жеткіншектер қатысты.

Қатысушылар қатарында сондай-ақ, Ақтөбе облысына іс сапармен келген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің өкілі Арман Бердалин және қоғам қайраткері, республикалық арнайы мониторингтік топ мүшесі Алдан Менкеев те болды.

2 бөліктен тұратын шарада балалар өз өнерлерін көрсетіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта театрландырылған қойылымдарға қатысып, өлең оқып, патриоттық әндер орындады.

«Қоғамның қатысуынсыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мүмкін емес. Осы үрдіске жас ұрпақты тарту, болашақ мамандардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыруға деген сенімділік береді», - деді Ақтөбе облысының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорылыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Рафхат Бисенов.

Бүгінгі күні облыста 35 мыңға жуық мектеп оқушыларынан құралған 384 «Адал ұрпақ» клубы жұмыс жасайды. Клубтар ерікті түрде құрылған.

Іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған байқаулардың жеңімпаздары мен белсенділерін марапаттау рәсімімен аяқталды.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив