Ақтөбеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қазақша КВН ойындары өтті

Ақтөбеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қазақша КВН ойындары өтті

Ақтөбеде 23-24 қазан аралығында облыстың ең үздік командаларының қатысуымен тұңғыш рет сыбайлас жемқорлық тақырыбында жоғары лига ½ финалдық ойындары өтті.

Ақтөбе облысы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті, жастар саясаты басқармасының және «Қазақстан КВН одағы» облыстық филиалының ұйымдастыруымен Астана қаласының 20 жылдығына жәнеМемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығына арналған сайыста 7 команда бақ сынасты.

 «Коррупциясыз болашаққа» деп ұрандатқан С. Байшев атындағы құрама, «Осал емес», «Феномен», «35 ойшылдары», «Сөз жоқ», «Дежавю», «Жұбанов құрамасы» атты командалар ел дамуына кесірін тигізетін індеттің қоғамда алатын орнын, онымен қалай күресу қажеттілігін көрермендерге әзіл арқылы жеткізуге тырысты.

 Ақтөбе облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Рафхат Бисеновтың айтуынша, бұл шара Елбасы жолдауында аталып өткен сыбайлас жемқорлықтан ада өңірге айналу жолында іске қосылған «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобасы аясында өткізілуде.

 «Біз өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыруда ерекше рөлін ескере отырып, бүгінгі шараны ұйымдастыруды ұсындық. Сол арқылы қоғамда, елімізде, әлемде белең алып отырған өзекті мәселені көтеріп, ащы әзіл арқылы әр азаматқа жеткізгіміз келеді»,- деді Р.Бисенов.

Ойын нәтижесінде  жоғары лига ½ финалдық ойындарының жеңімпазы болып «Сөз жоқ» командасы танылып, Ақтөбе облысы жоғарғы лига чемпионы атағына ие болды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

3 пікір

  1. аватар
    Cassie 27 января 2024 19:36

    Hi, this weekend is fastidious designed for me, for the
    reason that this occasion i am reading this fantastic informative paragraph here at my home.


    my web-site; Polska

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив