Маңғыстау облысында депутаттар тұрғындармен кездесулер өткізуде

Маңғыстау облысында депутаттар тұрғындармен кездесулер өткізуде

ҚР Мәжіліс депутаты, "Нұр Отан" партиясының фракция мүшесі  Бақтықожа Ізмұхамбетов, Михаил Чирков, Абай Тасболатов және Ахмет Мурадов Маңғыстау облысының тұрғындарымен кездесуде.

Депутаттар облыстағы алғашқы кездесуін  Мұнайлы ауданының Қызылтөбе ауылындағы «Шлюмберже» мега-базасынан бастады.

«Шлюмберже» компаниясының еңбек ұжымымен кездесуге облыс әкімі Е. Тоғжанов, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Н. Тумышев қатысты.

Мәжілісмендер жолдаудың басым бағыттарына, оның ішінде әлеуметтік қамсыздандыру саласына баса назар аударды. Атап айтқанда,  зейнетақы, жалақы, денсаулық сақтау, білім беру салаларының қолжетімділігін арттырып, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға ерекше мән берілді.

Кездесуде еңбек ұжымы халық қалаулыларына өз-ұсыныстарын білдіріп, пікір алмасты.

«Мемлекет басшысы жаңа Жолдауында келесі жылы жастар жылы деп жариялады. Сондықтан кәсіпорынның жартысына жуығы жастар болғаны бізді қуантады. Сондай-ақ, Президенттің жаңа технологияларды енгізу, еңбек өнімділігін арттыру және мұнай-газ секторының тиімділігін арттыру үшін цифрландыру туралы тапсырмаларының толыққанды орындалғанын куә болдық», - деді Бақтықожа Ізмұхамбетов.

Депутат Абай Тасболатов:

         -Біз Маңғыстау облысының біршама мекемелерін аралап шықтық.  Соның ішінде «Шлюмберже» мега-базасын ерекше атап өткім келеді. Бұл мекеме мұнай-газ саласы бойынша сандық жүйеге көшуді жолға қойып, қарқынды дамып келеді. Мұнда 300-ден аса адам қызмет атқарады, олардың әлеуметтік жағдайы жақсы екендігімен таныстық, көңіліміз толды. Себебі біз үшін ең басты мәселе қарапайым халықтың әл-ауқатын жақсарту, - деді халық қалаулысы.

«Шлюмберже» компаниясы әлемнің 80-ге жуық елдерінде істейтін,  100 мыңға жуық жұмыскерлері бар дүниежүзілік ірі мұнай саласындағы қызмет көрсету корпорациясы. «Шлюмберже» сейсмикалық ақпарат пен формацияның дамуы процесі, ұңғы тесті  мен тура бұрғылау, ұңғы цементтеу мен қоздыру, жасанды көтеру, ұңғыны аяқтау және консалтинг, бағдарламалар мен ақпаратты басқару сияқты кең ауқымды өнімдер мен қызметтер ұсынады.

 Бүгінгі таңда компанияның Маңғыстау облысындағы базасында 300-ге жуық адам еңбек етуде.

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив