Бизнесті қолдау оң нәтиже беруде

Бизнесті қолдау оң нәтиже беруде

16 қазанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары О.А.Бектеновтың төрағалығымен бизнесті сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдаудың үшінші тоқсанда жүргізілген жұмыстарын қорытындылау бойынша бейнеконференцбайланыс түріндегі жиын өтті.

Жиында, Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа жолдауында бизнесті заңсыз әкімшілік қысымнан және қылмысты қудалау қаупінен қорғауды арттыра түсу бағытында Агенттіктіктің, «Атамекен» Кәсіпкерлік палатасы және «Kazakh Invest» ҰК акционерлік қоғамымен бірлесе жасалған жұмыстары талқыланды.

«Protecting Business and Investments» жобалық кеңсесінің басшысы Г.Кабиева өз баяндамасында соңғы үш айды қорытындылап, нәтижесінде Ақтөбе облысының нәтижелері оң тәжірибе беріп отырғандығын сөзге тиек етті.

Оң тәжірибе негізінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Р.М.Медетов баяндама жасады.

Өз баяндамасында ол: «Елбасы жолдауын жүзеге асыру және аталған жоба аясындағы жұмыстардың жүйелі жоспарға сай қарқынды жүргізіліп жатқандығын, сондай-ақ Ақтөбе облысында бизнестің оң мәдениеті айқын байқалатындығын айтты».

Бүгінгі күні Департамент 20 инвестициялық компаниямен келісім жасап, жалпы соммасы 333 млрд 848 млн теңгені мемлекет қорғауына алды.

Бұл ретте, 10 компания, шет елден, яғни Түркия, Словакия, Швейцария, Ресей Федерациясы, Германия, Нидерланды және Қытай Халық Республикасынан келген.

Облыстық департаментке инвесторлардан 16 арыз-шағым түсіп, оның 15 қысқа мерзімде шешіліп, қалған 1 өтініш бақылауға алынды.

Мәселен, "Green Capital Kazakhstan" ЖШС-нің жылыжай құрылысын бастауға қажетті мемлекеттік сараптаманың уақытылы берілуі бойынша шаралар қабылданды. 2 ай уақытқа созылған сапартама нәтижесі Департаменттің араласуымен 2 күнде шешілді. «ЭНИ Армвинт» ЖШС-нің құрылыс жұмыстарын жүргізуге қажетті электр желісін «Казхром ТҰҚ» АҚ аумағынан өткізу мәселесі  де оң шешімін тапты.

Департаменттің сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық Бюросы департаментімен шағын және орта бизнес жұмысына заңсыз араласу бойынша бірлескен жұмысы нәтижесінде 7 факт анықталды.

Мысалы, Мартөк ауданы Қаратоғай ауылдық округының әкімі М.А. Жармуханов лауазымды тұлға қызметінде бола тұра жеке кәсіпкердің пайдасына ауылдық округте бау-бақша шаруашылығына арналған жер телімін жалға беру туралы жер комиссиясының оң қорытындысы негізінде бұйрық шығарғаны үшін жеке кәсіпкерден 100 000 теңге көлемінде пара алып, бұл ісімен жеке кәсіпкердің бизнесіне кедергі келтірген.

Нәтижесінде лауазымды тұлға М.А.Жармуханов Ақтөбе қалалық №2 сотының үкімімен кінәлі деп танылып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан және өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Сонымен қатар, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының  кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің алаңы кең қолданылуда.

Кеңес аясында 7 отырыс өткізіліп, барлығы 13 мәселе қаралып, 7 сұрақ оң шешімін тауып, қалған сұрақтарға қатысты анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Мәселен, кеңеске«Автохимснаб Актобе» ЖШС қызметіне Елек және Зауыт ішкі істер басқармасы полиция бөлімі қызметкерлерінің кәсіпкердің тауарларын заңсыз тартып алуына қатысты өтініш келіп түсті. Кеңес шешіміне сәйкес, Палата Ақтөбе облысының прокуратурасына және облыстық Мемлекеттік кірістер департаментіне қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін өтініш жолдады. Нәтижесінде прокуратура тарапынан ден қою шаралары қабылданып, ішкі істер органдарының лауазымды тұлғалары жазаға тартылды және тартып алынған материалдық шығындар кәсіпкерге қайтарылды.

Департаментпен өңірдегі оңтайлы бизнес ахуалды қалыптастыру және бизнес өкілдерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша жұмыстар алдағы уақытта да қарқынды түрде жалғасын табады.

Жиын соңында О.Бектенов Ақтөбе облыстық Департаментінің тарапынан жүргізілген ауқымды жұмыстарға және бизнеске көрсетіліп отырған қолдауға разылығын білдіріп, облыстық Департаменттерге жұмысты ары қарай жалғастыруды тапсырды.


ҚР МҚІСЖҚА Ақтөбе облысы бойынша

департаментінің Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив