Сербиялық кәсіпкерлер Қазақстандағы инвесторларды қорғауға арналған жобалық кеңсенің жұмысына алғысын білдірді

Сербиялық кәсіпкерлер Қазақстандағы инвесторларды қорғауға арналған жобалық кеңсенің жұмысына алғысын білдірді

 «DANA HOLDINGS» компаниясы Директорының бірінші орынбасарының бастауымен Сербия делегациясы инвестиция мен бизнесті сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдейтін «Protecting business and Investments» жобалық кеңсесінде болды.

Компания өкілдері бюрократия мен созбалаңға салудан қорғағаны үшін Жобалық кеңсеге алғысын білдірді.

Бұған дейін, а.ж. 3 тамызында жоғарыда көрсетілген компанияның өкілдері Астана қаласының аумағында көп функциялы тұрғын үй алабын салу үшін жер телімін алуға байланысты мәселемен Жобалық кеңсеге жүгінген болатын.

«DANA HOLDINGS» компаниясының Қазақстандағы өкілі - «BK TESLA» ЖШС директоры Нұрлан Боранбаев атап өткендей, ағымдағы жылдың тамыз айында компания жер телімдерін келісу мен оның шекараларын айқындауға қатысты өтініштерінің ұзақ қаралуына байланысты мәселеге тап болған.

«Жобалық кеңсеге өтінішпен жүгінгеннен кейін біздің мәселе шешімін таба бастады. Қазіргі таңда барлық мәселелер өз шешімін тауып, жобамызды іске қосып жатырмыз. Бұдан әрі де Жобалық кеңсемен ынтымақтастығымыз жалғасын табады деп сенемін», - деді ол.

Жұмысты одан әрі жалғастыру мақсатында, Жобалық кеңсе ғимаратында «Астана» ӘКК» АҚ мен «BK TESLA» ЖШС арасында «БК ТЕСЛА ПАРК» көпфункционалды тұрғын үй алабын салу бойынша Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен, Сыртқы істер, сондай-ақ Инвестициялар және даму министрліктерімен бірлесе құрылған «Protecting Business and Investments» жобалық кеңсесі қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыруға, мемлекеттік институттарға бизнес пен инвесторлардың сенімін арттыруға, шетелдерде еліміздің оң имиджін қалыптастыруға бағытталған.

 

 МҚІСЖҚА Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив