Ақпарат

Ақпарат

Ағымдағы жылдың  қыркүйек айында Астана қаласы «Алматы» ауданы ІІБ Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы әкімшілік аумақты тексеру барысында 21 жасқа толмаған тұлғаға алкоголь өнімін сату фактісін анықтады.  Манас көшесінің бойындағы дүкендердің бірінде, дүкен иесі этил спиртінің көлемдік үлесі  8 %  асатын «Балтика 9» маркалы 2 сыра бөтелкесін 1998 ж.т. С. есімді азаматқа сатқан.

Алкоголь өнімдерін жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін дүкен иесіне 1962 ж.т. А.есімді азаматқа ҚР ӘҚБТк-нің 200-ші бабының 1 тармағы «Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Астана қаласының Мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен А. есімді азаматқа 67 340 теңге көлемінде айыппұл салынып, 1 ай мерзімге дейін алкогольді өнімдерді сату лицензиясы уақытша тоқтатылды.  

Жыл басынан бері Астана қ. ІІД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен ҚР ӘҚБтК 200 бабы «Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу» бойынша 185-тен астам факті анықталды.

Еске сала кетсек,  жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімін өткізу –лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

 Астана қ. ІІД Жергілікті полиция қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив