Әкімдік Астананы дамытудың жаңа моделін әзірлеуге кірісті

Әкімдік Астананы дамытудың жаңа моделін әзірлеуге кірісті

Апта сайын өтетін аппарат мәжілісінде қала әкімі қаланы дамытудың жаңа үлгісін құруға тапсырма берді. «Мемлекет басшысы біздің алдымызға таяу арада қамтамасыз етуіміз тиіс тапсырмалар мен оны орындаудың, жетістіктерге жетудің міндетін қойды»,  – деп мәлімдеді Бақыт Сұлтанов. Қаланы дамытудың жаңа үлгісін енгізу және инновацияларды ілгерілету, креативті адамдар санын көбейту үшін қолайлы орта құру 2050 жылға дейін қаланы дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясын әзірлеуді талап етеді. Жаңа стратегияны құру жөніндегі тапсырманы Мемлекет басшысы 11 қыркүйек 2018 жылы берген болатын. Әкім қазіргі ахуалға кешенді түрде талдау өткізіп, стратегиялық мақсатты анықтауды, болашақтың қандай болатынын болжауды тапсырды: яғни өмір сапасын арттыру, қалалық ортаның үйлесімділігі, тұрақты экономикалық өсім, ресурстарды тиімді пайдалану және т.б. Елорданың жаңа үлгісі «Астана» халықаралық қаржы орталығын астананы дамытуда іскер қаржылық хабы ретінде қосуы керек. Бұл бағыт сонымен қатар туризм индустрия саласын кеңейту бойынша жұмысты күшейте түсуді талап етеді. «Осыған байланысты іскер туризм саласында алдыңғы қатарлы халықаралық ұйымдармен халықаралық әріптестікті нығайтуды тапсырамын. Туризм саласында қызмет көрсету сервисінің сапасын халықаралық стандарттарға көтеру өте маңызды», – деді қала әкімі. Әсіресе қалалықтардың қолайлы өмір сүруі үшін жасалатын игіліктерге ерекше көңіл бөліну керектігі тапсырылды: абаттандыру, әлеуметтік объектілерді салу, тұрғын үй құрылысы. Б. Сұлтанов осы жылы жоспарланған жалпы алаңы 2300 шаршы метрден кем емес тұрғын үйлерді пайдалануға беруді қамтамасыз етуді тапсырды. (Жыл басынан 2018 жылы пайдалануға 1699,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді). «Мемлекет басшысы әкімдіктің жұмысы бес әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға бағытталуы керек деді, – Б. Сұлтанов айрықша тоқталып. – Осы міндеттерді атқару жаңа жұмыс орындарын ашуға және қаланың ары қарай экономикасын дамытуға әсер етеді».

 

Астана қаласы Әкімінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив