«БОРЫШКЕР-2018» жедел-алдын алу шарасы

«БОРЫШКЕР-2018» жедел-алдын алу шарасы

Астана қаласының аумағында салынған айыппұлдарды уақытында өндіруге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша қаулының орындалуын бақылау мақсатында Астана қаласы бойынша өңірлік палатаның жеке сот орындаушыларының қатысуымен ағымдағы жылғы 27 шілдеден 25 тамызға дейін «Борышкер-2018» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Астана қаласында жол жағдайын тұтастай зияткерлік көлік жүйесі реттеп отырады. Бейнебақылау камералары жүйесінің саны  жылдан жылға көбеюде.

Талдау көрсетіп отырғандай, елордада жол жүрісі қағидасын бұзудың 90 %-ына жуығын құқық бұзушылықты автоматтандырылған фото-бейне тіркеу жүйесі, оның ішінде «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені анықтайды. Аталған технологияны қолдану жол-көлік оқиғалары санының азаюына мүмкіндік берді. Өткен жылмен салыстырғанда ЖКО саны 20%-ға төмендеген.

Осы іс-шара барысында 11 күннің ішінде 29 077 құқық бұзушы тексерілді,  43 млн. теңге сомасына 4 694 әкімшілік айыппұл төленді.

Іс-шара барысында әкімшілік айыппұлдар бойынша қарыздары бар екендігі туралы 17 мыңнан астам хабарландыру берілді.

ӘҚБтК 811-бабы 1-бөлігіне сәйкес «егер де әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдары және аспаптарымен тіркелсе, айыппұлды төлеу қажеттілігі туралы ұйғарым тиісінше жеткізілген уақыттан бастап тұлға көрсетілген айыппұл сомасының 50% мөлшеріндегі айыппұлды 7 тәулік ішінде  төлеуге құқылы».

Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы өз айыппұлдарыңызды  төмендегі тәсілдер бойынша: он-лайн режимде, интернет-сайттар qamqor.gov.kz, Kaspi.kz, egov.kz, homebank.kz, HandyPay, MyPay және т.б. мобильді қосымшалар арқылы, екінші деңгейлі банктердің есеп айырысу - кассалық бөлімшелерінде тексеруге және төлеуге болатынын хабарлайды. Осы ретте айыппұлдың төленгендігін растайтын төлем құжаттарының көшірмесін 8-776-197-23-48 WhatsApp нөміріне жіберуге болады.

Айыппұлдарды qamqor.gov.kz интернет сайты арқылы тексерген кезде «өз айыппұлдарыңыз туралы біліңіз» бетбелгісіне кіресіз, әрі қарай көлік иесінің ЖСН-ін енгізесіз және фото-бейне тіркеу жүйесі арқылы тіркелген құқық бұзушылықтар болған жағдайда аталған құқық бұзушылықтың суретін сол жерден басып шығарып ала аласыз.

Анықтама үшін телефондар: +7 (7172) 95-44-98      

 

Астана қ.ІІД Баспасөз қызметі 71-61-24

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив