«Кадрлар кетуінің азаюы мен бәсекенің артуы»: Алик Шпекбаев жалақы төлеудің жаңа жүйесінің нәтижесі туралы

«Кадрлар кетуінің азаюы мен бәсекенің артуы»: Алик Шпекбаев жалақы төлеудің жаңа жүйесінің нәтижесі туралы

Алик Шпекбаевтың төрағалығымен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы туралы кеңейтілген алқа отырысы өтті.

Алқа отырысында Алик Шпекбаев мемлекеттік қызметшілерге жалақы төлеудің жаңа жүйесінің пилоттық сынақтамасының оң нәтижелеріне тоқталды.

«Біз бұл бағыттың жүзеге асырылуының белсенді фазасына өттік. Қазірдің өзінде аралық нәтижелері кадрлық тұрақтылық пен бәсекенің артқандығын көрсетуде», - деп атады.

Мысалы, Агенттік, Астана қаласы мен Маңғыстау облысы әкімдіктерінде кадрларлың жұмыстан кетуі 2 есеге азайып, бір бос лауазымға конкурс 3 есеге артса, Әділет министрлігінде ауысымдылық ең төмен көрсеткішке ие болып, шетелдік білімі бар қызметкерлердің жұмысқа қабылдануы 2 есеге өскен.

Қызметшілердің бәсекеге қабілеттілігін одан әрі қамтамасыз етіп, сондай-ақ адам ресурстарын басқаруды жетілдіру үшін кадрлық іс жүргізу бойынша жалпы қызмет көрсету Орталығын енгізу жобасы жүзеге асырылуда.

Қазір Агенттікте 147 кадр бірлігі қысқарған, соның есебінен 432 млн. теңгеден жоғары қаржы үнемдеуге болады.

Келесі қадам - мемлекеттік сатып алулар мен заңгерлік қызметті орталықтандыру.

Мемлекеттік органның басшысы үнемделген қаржыны қызметкерлерінің жалақысына үстемақы ретінде қосып төлеп, адал әрі нәтижелі еңбек етуге ынталандыруға толық құқы бар.

Бүгінгі таңда елімізде 2 трлн. теңге жалақы төлеу қоры бар ведомстволық бағынышты ұйымдарда 1,5 млн. адам жұмыс істеуде. Үкіметте оларды оңтайландыру және топтастыру мәселесі көтерілуде

Алик Шпекбаевтың сөзінше, әкімшілік шығындарды, сонымен қатар ведомстволық бағынышты ұйымдардың қызметі мен құрылымдарын оңтайландыру сұрақтары қарастырылуда.

Басшылар міндетті түрде босатылған қызметкерлерін оқытып әрі жұмыспен қамтуға міндетті болады.

Бұл қабылданған шаралар ішкі резервтермен бірге факторлы-балдық шәкіл негізінде кезең-кезеңімен жалақы төлеудің жаңа жүйесіне өтуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру мәселелерінде де айтарлықтай алға қозғалыс байқалады. 

Осы мақсатта ЭЫДҰ елдері сияқты бәсекеге қабілетті еңбекақы төлеуден басқа, Агенттік мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жетілдіру мәселесін шешуге бастама көтеріп отыр. 

Олардың арасында жеңілдікпен тұрғын үйлер мен зейнетақы жүйесін енгізу, денсаулықтарын қалпына келтіру үшін жағдай жасау, сондай-ақ қызметкерлердің балаларына балабақшалардан орын ұсыну мен орталықтандырылған медициналық қызметтер алуды ұйымдастыру бар.

Алик Шпекбаев мемлекеттік қызметтегі бәсекелестік туралы айта келе, қызметшілердің моральдық бейнесіне қойылатын талаптарға тоқталды.

«Бүгінгі күні мемлекеттік қызметшілердің әдебін сақтауында Әдеп жөніндегі кеңестер мен уәкілдер негізгі рөл атқаруда. Олардың қызметі толығымен әдеп талаптары бұзылуының алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен мүдделерін қорғау және оң моральдық-псиxологиялық орта қалыптастыруға бағытталған.

Әдеп жөніндегі уәкіл институты өзінің қабілеттілігін көрсетті. Оған соңғы екі жылда оларға келіп түскен өтініштердің он еседен артқандығы дәлел. 2018 жылдың 1 жартыжылдығында 6491 өтініш түскен. Өтініштер санының артуына байланысты былтырғы жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда тексерулер саны 40% артқан. Бұл тұрғындар тарапынан Агенттікке деген сенім мен мемлекеттік қызмктшілердің бейәдеп қылықтары туралы xабарлауға дайын азаматтар мөлшерінің артқандығына дәлел», - деп Агенттік басшысы атап өтті.

Алқа отырысына Агенттік басшылығы мен қызметшілері, бейнеконференц байланысы арқылы оның аумақтық бөлімшелері, Агенттік ведомстволары - ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару акалемиясы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро мен мемлекеттік қызметтің персоналды басқару ұлттық орталығы, Арнайы мониторингтік тобы мен мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

  

МҚІСЖҚА баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив