Жас қызметшілерге қолдау

Жас қызметшілерге қолдау

Бүгінгі күні елімізде мемлекеттік қызмет саласындағы реформалар іске асырылуда. Мемлекеттік қызмет жүйесін кәсі­би­лен­діру, мемлекеттік бас­қару жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін және халыққа сапалы қызмет көрсетуін қам­та­ма­сыз ету мақсатында мемлекеттік қыз­мет­ саласындағы нормативтік құқықтық акті­лерге өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, жетілдірілуде.

Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадамның» кәсіби мемлекеттік аппарат құру бағытындағы 4-қадамда 3+3 формуласы бойынша мемлекеттік қызметке бірінші рет қабылданушылар үшін міндетті түрде сынақ мерзімі (тиісінше үш айдан кейін және алты айдан кейін сәйкестілікті межелік бақылау) деп анықталған.

Бұл ретте «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңында арнайы бапта сынақ мерзімі бойынша талаптар бекітілген. Осы заң талаптарына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет кірген, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметке оны тоқтатқаннан кейін қайтадан кірген мемлекеттік қызметшілер үшін олардың атқаратын мемлекеттік лауазымдарына сәйкестігін тексеру мақсатында сынақ мерзімі белгіленеді. Сонымен қатар мемлекеттік қызметке алғаш рет кірген қызметшілерге сынақ мерзімі кезеңіне тәлімгерлер бекітіледі.

Әлбетте мемлекеттік қызметке алғаш кірген қызметшілерге бірден осы қызметтің ерекшеліктерін егжей-тегжейлі біліп, қызметтік міндеттерін сапалы орындаға бейімделуіне уақыт қажет. Осы орайда олардың бейімделулеріне тәлімгерлердің ақыл-кеңестері мен ескертулері септігін тигізеді.

Тәлімгер қызметшіге таңдалған мамандықты игеруге көмектеседі, оған қызметтік міндеттерді түсіндіріп, оларды сапалы орындаудың әдістері мен тәсілдерін көрсетеді, жіберілген қателерді анықтап, бірлесіп талдайды және жоюға көмектеседі, қызметшіге қызметтік істі тиімді жүзеге асырудың, сондай-ақ қойылған міндеттерді өздігімен шешудің оң үлгісі болып қызметшіні ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысуға тартады, салауатты өмір салтын жүргізуге үгіттейді, жалпы мәдени және кәсіби зерденің дамуына көмектеседі, патриотизмге тәрбиелейді, қызметшінің жігерлігін, іскерлік және рухани қасиеттерін, оның жұмысқа, ұжымға және азаматтарға қатынасын зерделеп қызметшінің еңбек тәртібін және заңдылықты бұзуын болдырмау бойынша шаралар қолданады, қажеттілік болған жағдайларда қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшенің басшысына оған тәрбиелік және тәртіптік әсер ету шараларын қолдану туралы ұсыныстар енгізе алады.

Сынақ мерзімін сапалы және тәлімгерлікті тиімді жүргізу мақсатында тәлімгер сынақ мерзімі кезеңіне мемлекеттік қызметшінің бейімделу жоспарын әзірлейді. Осылайша қызметшінің бейімделу жоспарын орындауына күнделікті бақылауды жүзеге асырады және тәлімгерлік бойынша жұмыс жағдайы үшін жауапты болады. Яғни тәлімгерге үлкен жауапкершілік артылады.

Сондықтан мемлекеттік қызметке алғаш кірген қызметшіге тәлімгер ретінде кез келген қызметші бекітіле бермейді, тәлімгерлікке мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, жоғары кәсіби қасиеттерге ие, соңғы жыл бойы қызметін бағалауда «тиімді»-ден кем емес нәтижелері, тәрбие жұмысына бейімділігі және ұжымда беделі бар, сондай-ақ соңғы жыл бойы тәртіптік жазасы жоқ мемлекеттік қызметшілерден бекітіледі.

Қызметші өз тарапынан тәлімгерінің көмегіне сүйене отырып өзіне берілген тапсырмаларды орындауы және бейімделу жоспарында көзделген іс-шараларды жүзеге асыруы тиіс. Өзінің кәсіби біліктілік деңгейін жоғарылатуға, дағдылары мен қабілеттерін дамытуға, білім алуға күш салады. Мүмкіндігінше тәлімгерден жұмыстың тиімді нысандары мен әдістерін үйрене алады.

Заңға сәйкес сынақ мерзімі үш айды құрайды. Алайда сынақ мерзімінің нәтижесі қанағаттанарлықсыз болса сынақ мерзімі кейіннен қайта ұзартылмайтын үш айға ұзартылады.

Осылайша қызметшінің сынақ мерзімін өткеруі және білікті, тәжірибелі, іскер де әдепті қызметшінің тәлімгерлік етуі нәтижесінде жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдаланып, қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқаратын білікті жас маманды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Мемлекет алдында тұрған мақсаттар мен басымдықтарды іске асыру жолында кадрларды іріктеу мен жоғарылатудың тиімді жүйесін құру, мемлекеттік аппарат қызметінің кәсібилігі мен ашықтығын қам­та­масыз ету жұмыстары жүйелі жүзеге аса бермек.

  

Е.К. Белгибаев

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана

қаласы бойынша департаментінің бас маманы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив