Ақтау - «Ақылды үйге» қосылуды бастаған алғашқы қала

Ақтау - «Ақылды үйге» қосылуды бастаған алғашқы қала

12 шілдеде Маңғыстау облысы әкімдігі мен «Қазақтелеком» АҚ тұрғын үйлердің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге арналған инновациялық өнім – «Ақылды үйді» ұсынды. Бұл өнім нақты уақыт режимінде үйде болып жатқан жағдайларды бақылауға, оқыс жағдайлар туралы жедел ақпарат алуға мүмкіндік береді. Жаңа сервистің тұсаукесеріне Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев қатысты. 

Ақтау қаласының 15-ықшамауданындағы  № 35 үй «Қазақтелеком» АҚ қосқан күзет және өрт қауіпсіздігінің зияткерлік тетіктері бар Қазақстандағы ең алғашқы «Ақылды үй»  болды.

«Ақылды үйдің» сымсыз бейнекамера, қозғалыс,  есіктің ашылу тетіктері қосылған өзінің бақылаушысы бар.  Детекторлар қозғалысты, есік немесе терезенің ашылғандығын, бір нәрсенің жанып жатқандығын лезде бағдарлайды, ал бейнекамера оқиғаны тіркеп, суретті есеп жібереді. Туындаған қиындық туралы үй иесіне смартфонға орнатылған ұтқыр қосымша арқылы жедел хабар беріледі. Атап өту керек, пәтер иелерінің жабдықты сатып алуының қажеті жоқ, өтінім бойынша «Қазақтелеком» АҚ жабдықты өздері әкеліп, орнатады, құрастыру уақыты 40 минуттан аспайды.

 «Ақылды үй» пәтердің кешенді қорғалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тұрғындар енді қаскүнемдердің үйге кіруі немесе үй иесінің болмаған кезінде болатын апат туралы алаңдамайтын болады. Жүйе ұялы телефонға хабарлама жіберіп, кез келген қиындық туралы лезде ескертеді,  пәтерде нақты не болып жатқандығын және көмек шақырудың қаншалықты қажет екендігін ұтқыр қосымша арқылы кіріп, көре алады.  

Сонымен бірге 35-үйдің тұрғындары қазақстандықтар арасында кеңінен қолданылатын «Бұлтты бейнебақылау» қызметіне қосыла алады. «Бұлтты бейнебақылау» қызметі біздің абоненттерге өз үйінің жанында және подъезде болып жатқан оқиғаларды нақты уақыт режимінде ұялы құрылғысы немесе дербес компьютерінің көмегімен бақылауға мүмкіндік береді.

Жобаның ерекшелігі: суреттің сапасы өте жоғары, кірген адамның бет-бейнесін дәл айыруға болады және архивтегі бейнежазбаларға оңай қол жеткізеді, жазбалар 7 күнге дейін сақталады. Подъезге бірыңғай бейнебақылау желісіне қосылған екі бейнекамера орнатылады, олар подъездерге кіре беріс пен олардың алдындағы аула алаңдарын түсіреді.  

Бұл бағыттағы жоба аясында «Қазақтелеком» АҚ ағымдағы жылы Ақтау қаласы мен Жаңаөзен қаласында 250 үйге  1650 бейнекамера орнатып, көп қабатты тұрғын үй секторының 62 мыңнан астам тұрғынын «Бұлтты бейнебақылау» қызметіне қатынауын қамтамасыз етеді.

Кездесу барысында «Қазақтелеком» АҚ-ның тағы бір жаңа өнімі – «Ақылды ТКШ» қызметі таныстырылды, пәтерлер мен үйлерге күн сайын тұтынылған судың, газдың, электр энергиясының немесе жылудың саны туралы ресурстық компанияға хабарлар беріп отыратын  ақылды құралдар орнатылады. «Ақылды ТКШ» ресурстардың нақты қанша пайдаланылғандығы, түрлі авариялық жағдайлар немесе ұрлық кезіндегі шығынның қанша екендігі туралы өзекті ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Бұл өнім ресурстық компаниялардың «күрделі» орындарды анықтауына және оларды жөндеу жұмыстарын жоспарлау мүмкіндігімен қалпына келтіруіне ықпал етеді.

 

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив