Алик Шпекбаев Ташкентте мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстанның тәжірибесімен таныстырды

Алик Шпекбаев Ташкентте мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстанның тәжірибесімен таныстырды

Ташкентте «Мемлекеттік басқару реформасы Өзбекстан Республикасының дамуының бес бағыты бойынша іс-қимыл Стратегиясын іске асырудың маңызды шарты» халықаралық семинар өтіп, оның аясында «Өзбекстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының жобасын талқыланды.
Семинарға Өзбекстанның мемлекеттік органдарының басшылары, Еуропа, Корея және Орталық Азияның мемлекеттік басқару саласындағы халықаралық ұйымдар өкілдері мен сарапшылар қатысты.
Агенттік Төрағасы мемлекеттік басқару реформаларының отандық тәжірибесімен таныстырды. Осы реформалардың арқасында Қазақстанда транспарентті және есеп беретін мемлекет қалыптастырылды, әкімшілік кедергілер, бюрократиялық рәсімдер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдер төмендеді, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы жақсарды.
Өз сөзінде А. Шпекбаев мемлекеттік қызметшілер үшін сынамалы жүйеде жаңа еңбекақы жүйесі енгізілгендігін атап өтіп, елдің мемлекеттік аппаратының штат санын оңтайландыру бойынша, оның ішінде цифрландыру және ортақ қызмет көрсету орталығын енгізу арқылы қабылданып жатқан шараларды әңгімеледі.
Ол өз сөзінің соңында «Бүгінгі күні, біздің көшбасшылардың көреген саясатының арқасында сенім мен стратегиялық әріптестікке негізделген екі елдің ынтымақтастығы дамудың жаңа кезеңіне шығуда.
Біздің әріптестіріміз үшін мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы реформалардың қазақстандық тәжірибесі пайдалы болатындығына үміт білдіремін» - деді.
Сапар аясында Агенттік өкілдері Өзбекстан Республикасының Бас прокуроры Отабек Муродовпен және Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер агенттігінің басшысы Халилилло Турахужаевпен кездесті.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган болып табылатын Өзбекстан қадағалау органдарының өкілдерімен мемлекеттік және құқық қорғау қызметтерін ұйымдастырудың негізгі аспектілері бойынша ой-пікірлермен алмасып, екіжақтық қарым-қатынасты және ынтымақтастықты нығайту мәселелерін қарастырды.
Бас прокуратура Академиясының бастығы Евгений Коленко Қазақстанның құқық қорғау жүйесіндегі Агенттік арқылы өткізілетін екі кезең(тестілеу және жеке құзыреттілікті бағалау) арқылы кадрларды алға жылжыту және рекрутингтау тәжірибесіне қызығушылық білдірді.
Кездесу соңында Бас прокурормен құқық қорғау органдарының медиа-орталығы таныстырылды. Медиа-орталықта Алик Шпекбаев және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Фатима Жакыпова өзбек телеарналарына сұхбат берді.
Сонымен қатар, Агенттік делегациясы ХҚКО-на ұқсас және Өзбекстан Президентінің Әкімшілігіне бағынышты «Халық қабылдау бөлмесінің» біріне барды.
А. Шпекбаев атап өткендей, өзбекстандық халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы негізгі екпінді азаматтарға кедергісіз және жайлы жағдайларда қызмет көрсетуді жасауға, олардың қызметін барынша автоматтандыру және халықтың цифрлық сауаттылығын дамытуға қою керек.
Өз кезегінде, Турахужаев мырза, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту бастапқы сатыда екендігін және Қазақстанның бұл саладағы тәжірибесі Өзбекстан үшін модельді болып табылатындығын атап өтті.

                                                                                   АДГСПК РК

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив