Мемлекеттік қызметшінің жауапкершілігінің мемлекет пен халық алдындағы маңызы

Мемлекеттік қызметшінің жауапкершілігінің мемлекет пен халық алдындағы маңызы

Бүгінде мемлекеттік қызметкерлер ел айнасы болып, халыққа қызмет етіп келеді. Елбасымыз өз Жолдауында – мемлекеттік қызмет сапасын арттыру жайында қадап айтты.

Елбасымыз «Халыққа және олардың мәселелеріне жақын бол, сонда елімізде сыйластық пен орнығады» қағидасын орындауға міндеттіміз. Бұл біздің баршамызға жаңа жауапкершіліктер жүктейді.

Мемлекеттік қызметкерлердің негізгі құқықтары мен міндеттері деп көрсетілген талапта мемлекеттік қызметкер: өз өкілеттілігінің шегінде мәселелерді қарауға қатысуға және ол мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға, қызметтік міндеттерін атқару үшін керекті ақпараттар мен материалдар алуға, мемлекеттік қызметтіне қатысты материалдар алуға, мемлекеттік қызметіне қатысты материалдармен кедергісіз танысуға, біліктілігі мен іскерлігін, өзінің қызметтік міндеттерін адал атқаратындығын ескере отырып, қызмет бабында жоғарылауға, орынсыз жала жабылған кезде қызметтік тексеру жүргізуді талап етуге болады делінген.

Осы және өзге де тармақтарында мемлекеттік қызметкердің міндеттерін ашық айқын көрсетеді. Өйткені, мемлекеттік қызметкердің әр қадамы ел жауапкершілігі. Оның әрбір шешімі мен бастамасы халыққа еш зияннын тигізбей, тек пайда мен ыңғайлық тудыруы қажет. Ал, ол үшін өз міндетін жақсы білуі керек.

Сондай-ақ, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге,азаматтардың өтініштерін қарауға, олар жөнінде қажетті шаралар қабылдауға, өзіне берілген құқық шегінде өкілеттілігін жүзеге асыруға, өзіне заңмен белгіленген шектеулер қабылдауға, қызмет әдептілігінің нормаларын сақтауға міндеттеледі. Мемлекеттік қызметшілердің білім сапасын арттыру мақсатында қайта даярлау курстарын ұйымдастырылып, арнайы семинар сабақтары, семинар тренингтер өткізіледі.

Талаптарды орындап, заң шеңберінде жүру әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті. Егер, осы талаптарды мүлтіксіз орындасақ, халыққа және олардың мәселелеріне жақындап елімізде тәртіп күшейе түседі деген сенімдемін.  

 

А.Сайлауова

Ақмола гарнизоны әскери сотының бас маманы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив