Мемлекеттік қызметші ретінде халыққа қызмет ету – жауапкершілігі мол міндет

Мемлекеттік қызметші ретінде халыққа қызмет ету – жауапкершілігі мол міндет

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты халыққа Жолдауында мемлекеттік қызметтің биік жауапкершілік жүктейтініне басымдық бере отырып, біз қалыптастырған жүйе барлық азаматтардың тең құқықтарға ие болуын, кадрларды іріктеу мен жоғарылатуда мемлекеттік аппарат қызметінің кәсібилігі мен ашықтығының барынша жоғары деңгейін қамтамасыз етуіміз тиіс, деп атап өтті.

Осы ретте, 2015 жылдың 5 мамыры күні өткен Үкіметтің кеңей­тілген отырысында Елбасы ел алдындағы күрделі мәселелерді шешуді тапсыра отырып Қазақ елінің жарқын да, айқын болашағына бағытталған «100 нақты қадамын» жария етті.

Міне, осы орайда мемлекеттік қызмет саласында меритократия, тиімділік, нәтижелілік, транспаренттік және қоғамға есептілік қағидаттарына негізделген мемлекеттік қызмет жүйесін кәсібилендіру, мемлекеттік басқару жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін және халыққа сапалы қызмет көрсетуін  қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызмет саласы жетілдіріліп келеді.

Елбасы ұсынған кәсіби мем­ле­кеттік аппарат құрудағы бес институттық реформаны жүйе­лі жүзеге асыру тұрғысында сала мамандарын іріктеудің тәртібі күшейтіліп, мемлекеттік қызметке қабылдауда төменгі лауазымдардан бастау алды. Мемлекеттік қызметкерлерді тұрақ­ты түрде оқыту жүйесі заң­ды түрде бекітіліп, үш жылда бір рет олардың кәсіби шеберлігін арттыру жайы нақтыланды. 

Мемлекеттік органдардың конкурстық комиссияларының жұмысын мейлінше ашық ету мақсатында қоғам өкілдерінен бақылаушылар қатыстыру басымдыққа ие болды.

Мемлекеттік қызметке жаңадан келген адамға жаңа жұмыс орнында, бейтаныс ортада, оған қойылған талаптар мен міндеттерді бірден кірісіп, қарқынды алып кетуі оңай болмайтындығы белгілі. Сондықтан оған алғашқы уақытта мемлекеттік қызметтің қыр-сырын үйрететін, тиісті көмек көрсететін тәлімгер институты мемлекеттік қызмет жүйесіне енгізіліп, өзінің оң нәтижелерін беруде.

Мемлекеттік қызметшiлердi қызметтiк мiндеттерiн адал, ынталы атқарғаны, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн көтермелеу шаралары да қолданылып келеді.

Елбасының бастамасымен мемлекеттік қызметтің жаңа моделі тұжырымдамасы негізінде мансаптық жоспарлау жүйесін енгізу - мемлекеттік қызметті кәсібилендірудің басым бағыттарының бірі және мемлекеттік қызметшінің  мансаптық өсуін ынталандыру жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.

Мансаптық жоспарлау белгіленген лауазымдық сатылық жүйеде ілгерілеуді білдіреді және мемлекеттік қызметшінің біліктілік деңгейі мен жұмыс тәжірибесін айқындауға септігін тигізеді. Мемлекеттік қызметшінің қызметте жоғарылауы, оның атқаратын лауазымындағы  жұмысының тиімділігін бағалау нәтижелері негізінде іске асырылады. 

Бұдан өзге, мемлекеттік қызметшінің қызметте жоғарылау мүмкіндіктеріне қанағаттану дәрежесі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардағы персоналды басқару тиімділігі көрсеткіштерінің бірі ретінде белгіленді.

Қазақстанда кез келген өзге мемлекеттегі сияқты, əлемдік тəжірибеге негізделсе де, айрықша белгілері мен құрылымы бар мемлекеттік қызметтің өзіндік моделі жүзеге асырылуда.

Еліміздің Мемлекеттік қызмет саласының мұндай айқын да дара бағытпен жүйелі дамуы еліміздің тарихи тəжірибесімен, ұлттық дəстүрлерімен, мемлекетімізде əрекет етуші құқықтық жүйемен сабақтастығының нәтижесі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Елiмiз тәуелсiздiк алғаннан берi қарай бiз мемлекеттiк қызмет саласын реформалау жолында жұмыс iстеп келемiз. Әлемдегi тәжiрибенiң жетiстiктерiн мұқият қарадық. Бұрынғы жүйенiң барлығы Кеңес одағының қалыптастырған жолымен жүрген болатын. Оның кемшiлiктерi көп, бүгiнгi заман да басқа. Ендеше мемлекеттiк қызметшiлер заман талабына сай елге қызмет етулерi керек. Елдiң жағдайы жақсарған сайын мемлекеттiк қызметке қатысты талап та ұлғая бередi», - деп, атап өткеніндей, мемлекет алдында тұрған мақсаттар мен басымдықтарды іске асыру жолында кадрларды іріктеу мен жоғарылатудың тиімді жүйесін құру, мемлекеттік аппарат қызметінің кәсібилігі мен ашықтығын қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі жүзеге асырыла бермек.

Бұл ретте, мемлекеттік қызметші атанудың абыройлы міндет екенін ескерсек, сара даму жолында мемлекеттік қызметші тек білімді ғана емес, сонымен қатар, білікті де жоғары моральдық жауапкершілікті, тәжірибелі, әділдік, адалдық, адамгершілік қасиеттерін қатаң ұстанған өз елінің ұлтжанды азаматы болуы қажет. Мемлекеттік қызметкерлер халықтың қызметшісі болғанда ғана мемлекеттік қызмет мінсіз болатыны анық. Сонымен қатар, осы заманғы, кәсіби мемлекеттік аппараты бар мемлекет қана қуатты және табысты бола алады.

        

 М. Мұстан

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл агенттігі Астана қаласы бойынша департаментінің бас маманы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

2 пікір

  1. аватар
    Lan 11 сентября 2023 23:29

    Hi there, just became alert to your blog through Google, and found that it's really informative.
    I am gonna watch out for brussels. I will be grateful if you continue this in future.

    Numerous people will be benefited from your writing.
    Cheers!

    Here is my web blog :: acheter tamoxifen en Europe

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив