Астанада АӨСШК-нің 25 жылдығына арналған көрме ашылды

Астанада АӨСШК-нің 25 жылдығына арналған көрме ашылды

Астана, 5 қазан 2017 жыл – Қауіпсіздік мәселесі жөнінде құрлықтағы ең ірі форумды шақыру туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасының 25-жылдығына орай Астанада арнайы ұйымдастырылған көрменің ашылуында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) одан әрі нығайту маңыздылығын атап өтті.

5 қазанда Ұлттық академиялық кітапхана ғимаратында өткен көрменің ашылу рәсіміне Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, АӨСШК Хатшылығының Атқарушы директоры Гун Цзяньвэй, Ұлттық академиялық кітапхананың директоры Үмітхан Мұңалбаева, Қазақстан Президенті Мұрағатының өкілдері, отандық дипломатиялық қызметтің ардагерлері, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушылары қатысты. Оқырмандардың назарына ұсынылған көрме АӨСШК-нің қалыптасуы мен даму кезеңдерін бейнелейтін мұрағат құжаттары мен фотосуреттерді, сонымен қатар халықаралық қауіпсіздік пен Елбасының сыртқы саяси бастамалары тақырыбына арналған кітапхана жинақтарын қамтиды.

Қ. Әбдірахманов өз сөзінде атап өткендей, «ширек ғасырдан кейін АӨСШК-ні шақыру бойынша Қазақстан Президентінің бастамасы өзін толықтай ақтағаны мәлім және бүгін Кеңес Азия құрлығында қауіпсіздік мәселелерін талқылау үшін ең ірі ғана әрі жан-жақты тұғырнама болып табылады».

Министрдің айтуынша, ұйымдастырылған көрме АӨСШК қызметіне Ұлттық академиялық кітапханасына келушілердің, әсіресе жас ұрпақтың, назарын тартып, АӨСШК-нің қалыптасу тарихы мен оның одан әрі дамуы келешегін көрнекі түрде таныстыруға мүмкіндік береді.

Кеңесті шақыру идеясын Қазақстан Президенті Н. Назарбаев тұңғыш рет 1992 жылғы 5 қазанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында жария етті. Бұл бастаманың қозғаушы күші Азиядағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тиімді және қолайлы құрылымды құру ниеті болды. Оны дәл осындай құрылым дер кезде туғанына көзі жеткен Азияның бірқатар мемлекеті қолдады.

Бүгін 26 мемлекет Кеңес мүшелері болып табылады. 9 мемлекет пен 5 халықаралық ұйым бақылаушылар ретінде қатысады.

2017 жылғы 20 қыркүйекте Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 72-ші сессиясы аясында АӨСШК-ға Қытай төрағалығы ұсынысымен  Елбасы бастамасының 25-жылдығына орай Кеңеске мүше-мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуі өтті. Оның нәтижесінде қабылданған мәлімдемеде сыртқы саяси ведомстволардың басшылары форумға кіретін мемлекеттер «Азия елдерін көбірек қамту, сыртқы алмасуларды арттыру және өңірлік пен халықаралық істерге неғұрлым кеңiрек қатысу үшін АӨСШК-ні одан әрі кеңейтуде, сол арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, халықтың әл-ауқатын арттыруға және мен дамуды ілгерілетуге жәрдемдесуде неғұрлым белсенді рөл атқаруға ниетті» екендерін атап өтті.

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз хабарламасы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив