Мұрагерлік қатынастарынан туындайтын дауларды  сотта қарау тәжірибесі

Мұрагерлік қатынастарынан туындайтын дауларды сотта қарау тәжірибесі

«Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы N 858 Жарлығына сәйкес азаматтық-іс жүргізу құқығы сот төрелігінің қолжетімділігін, азаматтық сот ісін жүргізуге қатысушылардың құқықтарын барынша іске асыруды қамтамасыз етуге, жеке адамның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын, коғам және мемлекет мүдделерін уақтылы қорғауға және қалпына келтіруге арналған. Азаматтық істерді жедел қарап шешуді қамтамасыз ету мақсатында сот талқылауына істерді дайындау сатысын оңтайландыру тұжырымдамада қарастырылған азаматтық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру жөніндегі шаралардың бірі.

Бес институционалды реформа аясында қабылданған азаматтық-процесстік кодекс нормалары да азаматтық істерді соттың қарауына тыңғылықты дайындауды көздейді. Сондықтан мұрагерлік дауларды жедел қарап шешуді қамтамасыз ету мақсатында судья сот талқылауына істерді дайындауға ерекше көңіл бөлуі қажет.

Мұрагерлік қатынастарынан туындайтын дауларға келесі даулар жатады:  заңдық маңызы бар фактілерді анықтау; адамдардың туыстық қатынастарын; адамның біреудің асырауында болуын; әке болуды тануды; азаматтық хал актілерін жазу органдары қайтыс болуды тіркеуден бас тартқан жағдайда, адамның белгілі бір уақытта белгілі бір мән-жайларда қайтыс болуын; мұрагерлікті қабылдау және мұрагерліктің ашылу орнын анықтау; өсиетті жарамсыз деп тану; мұрадан бас тарту; мұраны бөлу; мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру және т.б.

Мұрагерлік туралы істер бойынша дауларды шешкен кезде іске қатысатын адамдар шеңберін және олардың процессуалдық мәртебесін анықтау, істі қарау мерзімін анықтау үшін келіп түскен арызды сотта қарау тәртібін, қолданылатын материалдық норманы білу маңызды.

Мұрагерлік даулары талап қою іс жүргізу және ерекше іс жүргізу тәртібімен қаралады.

Ерекше іс жүргізу тәртібінде қаралатын даулар Қазақстан Республикасының Азаматтық процесстік кодексінің 305-бабында қарастырылған (бұдан әрі АПК).

Өсиетті жарамсыз деп тану, мұрадан бас тарту, мұраны бөлу, мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру туралы даулар талап қою іс жүргізуі тәртібінде қаралады.

Істердің кейбір категориялары талап қою іс жүргізуі, сондай-ақ ерекше іс жүргізу тәртібінде де қаралады.

Мысалы, АПК-нің 302-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер ерекше іс жүргізу тәртібінде қаралады. Егер арыз берген немесе істі ерекше іс жүргізіп қарау кезінде соттың ведомстволығына құқығы туралы даудың бар екендігі туралы белгілі болса, сот арызды қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарады, онымен тараптар мен мүдделі тұлғаларға олардың талап қою ісін жүргізу тәртібімен сотқа жүгіну құқығы түсіндіріледі (АПК-нің 304 бабы 2-тармағы).

Мысалы, мұрагерлік мүлікке қатысты жасалған мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап мұраны қабылдаған мұрагермен ғана қойылуы қажет. Мұраны қабылдау фактісі - талапкердің процессуалдық мәртебесінің және оның аталған талапты қою өкілеттігінің қажетті шарты. Мұраны қабылдау мұрагерлiкке құқық туралы куәлiкпен (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1073-бабы (бұдан әрі - АҚ) немесе мұрагер мұраны қабылдады деп таныған соттың шешімімен (АҚ-нің 1072-3 - бабы) расталады.

Өсиетті толық немесе ішінара жарамсыз деп тану туралы талапты өзіне  мүліктік салдар тудыратын тұлға қоюы қажет.

Басқа жағдайлардың барлығында талап қою талаптары қанағаттандырылудан бас тартылады.

Сот тәжірибесінен мысал келтіретін болсақ, талапкер Ж. сотқа нотариус К-ға 2011 жылғы 21 қазандағы өзі және жұбайы Ж. 2011 жылы  өздерінің пәтерін  қыздары М.-ға өсиет етiп қалдырған өсиетті жарамсыз деп тану туралы талап арызымен жүгінді. Ол өз талабын келесі уәждермен негіздеді. 2015 жылдың 30 қазанында жұбайы Ж. қайтыс болады. Өсиет дұрыс жасалмағандықтан қыздарының атына мұраға қалдырылған мүлікті мұраға қабылдау қиынға соққанын көрсетіп, АҚ 158-бабы, 1056-бабы, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен 1998 жылғы 28 шілдесінде  бекітілген Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулықтың (күшін жойған, өсиет қалдыру кезінде қолданыста болған),  136 тармағына сәйкес, бірнеше тұлғалар атынан өсиеттерді куәландыруға жол берілмейтіндігін келтірді.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2016 жылғы 12 ақпандағы сот шешімімен талапкер Ж-ның нотариус К-ға 2011 жылғы 21 қазандағы өсиетін жарамсыз деп тану туралы талап қою талаптары қанағаттандырылудан бас тартылады.

         Сот шешімінің мазмұнына сәйкес, өсиет қалдырушы өзi жасаған өсиеттiң кез келген уақытта күшiн жоюға немесе оны өзгертуге құқылы, сол себептен нотариат кеңсесiне бұрын өзi жасаған өсиеттiң толық күшiн жою туралы өтiнiш беру арқылы өтініштің күшін жоюға болады. Бұл жағдайда, талапкердің өзі қалдырған өсиетті жарамсыз деп тану туралы қойған талабы негізсіз.

         Мұрагерлік туралы істер бойынша дауларды шешкен кезде соттар мұра ашылған күнде қолданыста болған заңнаманы басшылыққа алуы тиіс. Мұрагерлік жөніндегі қатынастарды реттеудің бұрынғы тәртібіне қандай да бір өзгерістер мен толықтырулар енгізетін жаңа заң, ол қолданысқа енгізілгеннен кейін туындаған құқықтар мен міндеттерге қолданылады.

АК-нің 1072-бабының 1-тармағына сәйкес мұраны алу үшін заң бойынша немесе өсиет бойынша мұрагер оны қабылдауы тиіс. Мұраны қабылдау тәсілі мұра ашылған кезде қолданыста болған заң бойынша айқындалады. Қазақстан Републикасының азаматтық кодексінің мұраны қабылдауға қатысты нормаларының өзгеруі және оның қолданылуы «Соттардың мұрагерлік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 29 маусымдағы N 5 Нормативтік қаулысының 5 тармағында қөрініс тапқан.

Мұрагерлік дауларды жедел қарап шешу үшін қойылған талап қоюдың негізін және нысанасын анық білу қажет.

Белгіленген тәртіппен қабылданған мұра, ол ашылған күннен бастап мұрагерге тиесілі деп танылады. Сондықтан мұра алу құқығы туралы куәлікті алу мұрагердің міндеті емес, құқығы болып табылады, көрсетілген куәліктің болмауы мұрагерлік құқықты жоғалтуға негіз бола алмайды.

Бұл орайда, егер мұрагер АК-нің  1072-1-бабының 2-тармағында көрсетілген қандай да бір әрекеттерді жасап, мұраны іс жүзінде қабылдаса, бірақ нотариус қандай да бір себептермен мұра алу құқығы туралы куәлікті беруден бас тартса, онда мұрагер сотқа ерекше іс жүргізу тәртібімен нотариустың әрекеттеріне шағым келтіруге құқылы (АПК-нің 45 тарауы).

Мұрагер мұраны іс жүзінде қабылдаған, бірақ мұра алу құқығы туралы куәлікті алу үшін нотариусқа қажетті даусыз дәлелдемелерді келтіре алмаған және оларды өзге де жолмен алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда мұрагер мұраны қабылдаудың заңдық фактісін белгілеу туралы арызбен сотқа жүгінуге құқылы, арыз ерекше іс жүргізу тәртібімен қаралады. Егер, бұл ретте құқық туралы дау туындаса, онда мұндай фактіні белгілеу талап қою тәртібімен жүргізіледі.

Мұраға құқық туралы куәлікті алу үшін азамат туыстық қатынастар фактісін (АПК-нің 305-бабының екінші бөлігінің 1) тармақшасы) айқындау  туралы арызбен сотқа жүгінуге құқылы.  

Туыстық қатынастар фактісін анықтау туралы іс бойынша шешімде сот арызданушының тиісті адаммен туыстық қатынасы қандай дәрежеде екендігін көрсетуге тиіс.

Арызданушының сотқа жүгінуі азаматтық хал актілеріндегі жазбалардағы қателіктердің болуына байланысты туындаса, туыстық қатынастар фактісі сот арқылы анықталмайды. Мұндай арыздарды сот АПК-нің 44-тарауында белгіленген тәртіппен қарайды.

Қорыта келе, дауларды жедел қарап шешуді қамтамасыз ету мақсатында талап қоюды тиісті талапкердің қоюын, іске қатысатын адамдар шеңберін аңықтау, мұра ашылған күнде қолданыста болған заңнаманы басшылыққа алу, талап қоюдың негізін және нысанасын анықтау маңызды.

 

Астана қаласы Сарыарқа аудандық

 сотының судьясы

Гулдана Сермагамбетовна Шарапатова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

3 пікір

  1. аватар
    Rosie 27 января 2024 16:38

    It's truly a nice and useful piece of info. I am glad that
    you just shared this helpful info with us.
    Please stay us informed like this. Thank you
    for sharing.

    My web blog Brian

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив