Әйелдерге қатысты дискриминацияның барлық түрлерін жою туралы Конвенция ережелерін қолдану

Әйелдерге қатысты дискриминацияның барлық түрлерін жою туралы Конвенция ережелерін қолдану

Бас Ассамблея,әйелдердің теңдігіне, қауіпсіздігіне, бостандығына қатысты, барлық адамдардың абыройы мен жеке басының дербес құқықтылығына қатысты құқықтары мен қағидаларын жан-жақты қолданудың көкейкесті қажеттілігін мойындай отырып, аталмыш құқықтар мен қағидалардың халықаралық құжаттарда, оның ішінде адам құқықтарының Жалпыға ортақ декларациясындаазаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық актісінде, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық актісінде, әйелдерге қатысты дискриминацияның барлық түрлерін жою туралы Конвенцияда және азаптаулар мен басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысын таптайтын іс-әрекеттер мен жазаларға қарсы Конвенцияда бекітілгенін атап өте отырып,әйелдерге қатысты дискриминацияның барлық түрлерін жою туралы Конвенцияның тиімді түрде жүзеге асырылуы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың түбегейлі жойылуына септігін тигізетінін және осы қарарда берілген әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты түбегейлі жою туралы Декларация осы үдерісті бекітіп, толықтыратынын мойындай отырып,әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бойынша қолданылатын кешенді шаралар ұсынылған әйелдер жағдайын жақсарту саласындағы, болашақты стратегияларында белгіленгендей әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың теңдікке, даму жетістіктері мен бейбітшілікке жету жолындағы және сонымен қатар әйелдерге қатысты дискриминацияның барлық түрлерін жою туралы Конвенцияны толықтай жүзеге асыру жолындағы кедергілердің бірі болып табылады деген мәселемен мазасыздануда, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық қолданылған жағдайда осындай құқықтар мен бостандықтардың қорғалуы мен көтермеленуін қамтамасыздандыруға деген біршама ұзақ уақыттан бергі қабілетсіздігі үрей туғызып, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық адам құқықтарының және әйелдердің негізгі бостандықтарының бұзылуы болып табылатынын, сондай-ақ оларға осы құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға кедергі келтіретінін немесе мүмкіндік бермейтінін растай отырып,әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың тарихи оқиғалар салдарынан ер адамдар мен әйелдер арасындағы күштің теңсіз арақатынасының көрінісі болып табылатынын, соның салдары әйелдерге басымдылық танытып, еркектер тарапынан оларға қатысты дискриминацияның жол берілуіне әкеліп соққанын, мұндай зорлық-зомбылықтың әйелдер жағдайының жан-жақты дамуына кедергі келтіретінін, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық негізгі әлеуметтік механизмдердің бірі болып табылып, оның көмегімен ер адамдармен салыстырғанда әйелдердің бағынышты болуына мәжбүрленетінін мойындай отырып,кейбір әйелдер топтары, атап айтқанда, ұлттық азшылықты құрайтын әйелдер, байырғы тұрғындарға жататын әйелдер, босқын әйелдер, мигрант әйелдер, ауылдық және алыс аймақтарда тұратын әйелдер, табыс көзінен айырылған әйелдер, әр түрлі мекемелердегі немесе қамауға алынған әйелдер, мүгедек әйелдер мен қыздар, егде әйелдер мен қарулы қақтығыс аумақтарындағы әйелдер үшін зорлық-зомбылыққа ұшырау мүмкіндігі көп болатындығы алаңдатады,

Осы Декларацияның мақсаттары үшін «әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық» терминінің мағынасы - жыныстық белгі негізінде жасалған және әйелдерге физикалық, жыныстық немесе психологиялық залал келтіретін немесе жапа шектіретін кез-келген зорлық-зомдылық іс-әрекеті, сондай-ақ осындай іс-әрекеттерді жасауға қоқан-лоқы көрсету, қоғамдық немесе жеке өмірінде болсын мәжбүрлеу немесе ерікті түрде бостандығынан айыру дегенді білдіреді.

 Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық келесідей жағдайларды қамтиды, бірақ олармен шектеліп қоймайды:
           а) отбасында орын алатын физикалық, жыныстық және психикалық зорлық-зомбылық, оның ішіне ұрып-соғу, отбасындағы қыздарға қатысты жыныстық мәжбүрлеу, қыз жасауымен байланысты зорлық-зомбылық, күйеуінің әйелін зорлауы, әйелдің жыныстық мүшелерін зақымдау және тағы басқа да әйелдерге залал келтіретін тәжірибенің дәстүрлі түрлері, некеден тыс зорлық-зомбылық, пайдаланумен байланысты зорлық-зомбылық кіреді;
           b) жалпы қоғамда орын алатын физикалық, жыныстық және психикалық зорлық-зомбылық, оның ішіне зорлау, жыныстық мәжбүрлеу, жыныстық алымсақтық және жұмыста, оқу орындарында және басқа да жерлерде қорқыту, әйелдерді саудаға салу және жезөкшелікке мәжбүрлеп итермелеу кіреді;
            с) мемлекет тарапынан немесе мемлекет енжарлығынан қайда болса да физикалық, жыныстық және психикалық зорлық-зомбылық.

Әйелдер саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, азаматтық және тағы басқа да салаларда адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау үшін және оларды жүзеге асыру үшін қажетті барлық құқықтарға ие. Аталмыш құқықтардың құрамына атап айтқанда келесілер кіреді:
      а) өмір сүру құқығы;
      b) теңдік құқығы;
      с) бостандық құқығы және жеке басының дербес құқықтылығы;
      d) заңға сәйкес теңдей қорғау құқығы;
      е) қандай да болмасын түрдегі дискриминацияға ұшырамау құқығы;
      f) физикалық және психикалық денсаулығының ең жоғары деңгейіне жету құқығы;
      g)әділ және қолайлы жұмыс жағдайларына деген құқық;
      h) азаптауларға, және тағы басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысын таптайтын іс-әрекет немесе жаза түрлеріне ұшырамау құқығы.

      Мемлекеттер әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты айыптап, оны түбегейлі жоюға қатысты өз міндеттемлерін орындауда ешқандай дәстүрлерге де, әдет-ғұрыптарға немесе діни себептерге жүгінбеуі тиіс. Мемлекеттер барлық тиісті құралдар арқылы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты түбегейлі жоюға бағытталған саясатты шұғыл түрде жүзеге асыруға міндетті.  

       Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің органдары мен мамандандырылған мекемелері өз құзыреттіліктері аясында осы Декларацияда белгіленген құқықтар мен қағаидаларды жүзеге асыру мен мойындауға септігін тигізу, және осы мақсатта негізінен жүзеге асырылады:
 - аймақтық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес стратегияларын жасау үшін және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты түбегейлі жоюмен байланысты бағдарламаларды қаржыландыру және тәжірибе алмасу үшін халықаралық және аймақтық ынтымақтастыққа көмек көрсету;
 - әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселесімен барлық адамдарды таныстыру және осы мәселенің қиындығын терең түсіну мақсатында жиналыстар мен семинарлар өткізуге қолғабыс ету;
 - Біріккен Ұлттар Ұйымының жүйесі аясында адам құқықтары саласындағы келісімшарттар мәселесімен айналасатын органдар арасында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселесін тиімді шешу үшін іс-шараларды үйлестіруде және тәжірибе алмасуда көмек көрсету;
 - дүниежүзілік әлеуметтік жағдай туралы мерзімді баяндамалар секілді баяндамаларға Біріккен Ұлттар Ұйымының жүйесінің ұйымдары мен органдарының баяндамаларына әлеуметтік беталыс және оның мәселелерін талдауға арналған баяндамаларға әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық саласындағы беталысты қарастыру;
 - аса осал жағдайға тап болған әйелдер топтарына ерекше назар аудара отырып, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселесін қосу мақсатында ағымдағы бағдарламаларға Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің ұйымдары мен органдары арасында үйлестіруін ынталандыру;
 - осы Декларацияда айтылған шараларды назарға ала отырып, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қатысты нұсқаушы қағидалар немесе нұсқаулықтарды жасап шығаруға көмек көрсету;
 - өз мандаттарын орындау барысында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты түбегейлі жою туралы, сонымен қатар адам құқықтары жөніндегі құжаттарды жүзеге асыруға қатысты мәселені тиісті түрде есепке алу;
 - әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселелерін шешуде үкіметтік емес ұйымдармен бірігіп жұмыс жасау.

      Осы Декларацияда әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты түбегейлі жоюға жоғары деңгейде септігін тигізетін және мазмұнында белгілі бір мемлекеттің заңнамасының немесе қандай да бір халықаралық конвенцияның, келісімшарттың немесе мемлекетте күші бар өзге де құжаттың ережелерінің ешқайсысы қозғалмайды.

 

Орындаған: Б.Р.Баймағанбетова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

2 пікір

  1. аватар
    Fran 20 сентября 2023 17:25

    I do not even understand how I finished up right here, however I thought this post was good.
    I do not know who you might be but certainly you are going to a well-known blogger if you happen to aren't
    already. Cheers!

    Also visit my web-site; Dustin

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив