Ана тіліміз-асыл мұра,  қазақ тілі – рухани қазына

Ана тіліміз-асыл мұра, қазақ тілі – рухани қазына

Қазақ тілі – қазақтың мәдениетімен біте қайнасып жатқан рухани қазына.

Қаймақты тілді пайдаланбай, қаспақтың түбін қырғыштап жүргендерге айтарымыз:

әркімнің ана тілі тірлік үшін керек, мемлекеттік тіл бірлік үшін керек.

Соны әрбір Қазақстан азаматының жүрегімен ұққаны жөн.

Тіліміздің қадірін тек тіл мерекесінде ғана емес, күнделікті көтерейік!

 

Қазақстан  Республикасының  егеменді, тәуелсіз мемлекет екендігін айқындайтын негізгі конституциялық құқық белгілерінің бірі -  мемлекеттік тіл. Тәуелсіз де егемен Қазақстанның мелекеттік тілі қазақ тілі болғандықтан, оны білу Қазақстан азаматының қасиетті борышы. Қазіргі кездегі қазақ тілінің мемлекеттік органдардағы қолдану жайы мен оның хал-ахуалы ешкімді бей-жай қалдырмасы анық. Туған тіліміздің мәртебесін асқақтату бәріміздің азаматтық парызымыз. Сол үшін маңдай терімізді төгіп еңбек етуіміз керек, өйткені оның мәртебесі тек қана ауызекі қолданыс аясымен шектелмейді.

Қай кезде болмасын тіл мәселесі – сөйлейтін, сол тілден сусындаған, ұлттық белгісі болып саналатын халықтың мәселесі. Әрбір халықтың ана тілі бар десек, өз ана тіліміздің  барша болмысы, тіпті оның әрбір дыбысы мен жалғау - жұрнағы әрбір шынайы азаматқа танымал, мәдени - әлеуметтік өмірде өзіндік мәні бар киелі ұғым. Ұлттың тілінің кеми бастауы ұлттың құри бастағандығын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат еш нәрсе болмасқа тиіс. Бір ұлттың  тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, мінезі айнадай көрініп тұрады. Қазақтың тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тұнық, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр. Қазақтың сары даласы кең, тілі - бай. Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, оралымды, терең тіл жоқ деген пікір тілдерді зерттеуші мамандар арасында айтылады.

Қазақ тілінің қайығы кері қарай жүріп бара жатыр дей алмаспыз. Даму бар. Алға жылжу байқалады. Дегенмен ана тіліміздің адымдап дамуына өзіміздің де кері әсер беріп жататын кездеріміз бар. Қазақтың қазақпен қазақша сөйлесуі мұң. Өзара кездесулерде де, алқалы жиында да арамызға өзге ұлттың бір өкілі кіріп келсе, бәріміз шүлдірлеп «түсінікті» тілге көшеміз. Әрі-беріден соң биік шеңберден қазақ тілі деп қайғы жұтатын кейбір қайраткерлердің балалары, немерелері қазақ бақшасына, қазақ мектебіне бармайды. Мұны сорлылық емес деп көріңіз. 

Мемлекеттік тіл – мемлекетіміздің бүкіл аумағында  қоғамдық қатыстардың  барлық саласында қолданылатын, мемлекеттік басқару, заң шығару,  сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды. Лауазымды адамның тіл білмеймін деген сылтауымен құжаттарды, сауал салуды, өтініштерді немесе шағымдарды мемлекеттік тілде қабылдаудан, сондай-ақ оларды мәні бойынша қараудан бас тартуына жол берілмейді. Сот ісін жүргізу тілі сотқа берілген құжаттардың берілуіне қарай жүргізіледі, әрбір азамат істі өзінің ана тілінде немесе өзі білетін басқа тілде жүргізуді талап етуге құқылы және өздері білетін басқа тілде  мәлімдеме жасау, түсініктеме мен  жауап бері, өтініш білдіру, шағым  жасау, аудармашының қызметін тегін пайдалануға құқылы.

Қазақ елінде, қазақ жерінде, қазақ тілі – мемлекеттік өркендеуі қажет, оған тек қазақ халқының ұрпақтары ғана емес, бүкіл Қазақстан елінде өмір сүріп жатқан адамдар үлес қосу керек. Мемлекеттік тілді игеру деген сөз мемлекет азаматы болып өмір сүру деген сөз, өзің өмір сүріп отырған мемлекетте және сол  мемлекетті құрған халыққа «азаматпын» деп берген уәдені орындау деген сөз.

Қазақ халқының бар рухани қуатын бойына сіңірген ардақты асылы – тілі. Әр халық өз тілі арқылы әлемді, дүниені, өмірдің құнды тағылымдарын таниды, елінің мәдениетін жасайды, келешек ұрпаққа түйген тұжырымдарын жеткізеді, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтереді. Біздің,  яғни қазақ халқының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Алайда азаматтар тарапынан да, мемлекет тарапынан да, оның толыққанды мемлекеттік тіл болуы үшін әлі де көп істер атқарылуы шарт.

Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Қай ұлттың өкілі болмасын Қазақстанда тұрады екен, оны қасиетті де киелі Отаным деп мойындап, оның гүлденуі үшін қызмет етуі тиіс. «Бір халықпыз, өзгелерге үлгі-өнеге көрсететін ұлтпыз. Мынау он сегіз мың ғаламның ортасынан біздің де алатын орнымыз бар» деген биік сенім, сезімде болуымыз керек. Сонымен қатар Қазақстан мемлекетінің азаматы екенімізді жан-жүрегімізбен түйсінсек, болашақ ұрпаққа Отан алдында жауапты екенін ұғындырсақ, тіл мәдениетін көтеріп, оның ішінде өзге тілдерге көлеңке түсірмей, мемлекеттік тілді өркендетуге болады.

Қазіргі таңда мемлекеттік тілдің тағдырын кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің басшылары аудармашыларға немесе мемлекеттік тілге жауапты қызметкерлерге жүктеп қоюда. Ал, тілдің тағдыры тек мұнымен шектелмейді. Бұл жолғы үлкен үміт күттіріп отырған бағдарламаның орындалуы «Қазақ тілі» қоғамына, жергілікті жердегі тілдерді дамыту басқармаларына ғана емес, біздің бәрімізге, еліміздің әр азаматына тікелей байланысты.

Тіл мәселесі кезең – кезеңімен жүйелі шешіліп келеді. Тілге қатысты көп сөзден гөрі айқын да нақты істер керек. Қазақстанда тілді дамыту үшін барлық жағдайлар жасалынып жатыр. Ендігінің бәрі өзімізге байланысты.

«Ана тіліміз-асыл мұра». Тіл халықтың жаны, діні, рухы, елдік қасиеті, ұлттық болмысы. Сол асыл мұраны аялап, керек кезінде қорғай білу, дамыту және өскелең ұрпаққа жеткізу барша жанның тікелей борышы екендігі даусыз.

 

Акылбаева Ш.А

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық

сотының бас маман - сот мәжілісінің хатшысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив