ҚазжолҒЗИ: Жол-құрылыс материалдарының сапасы мен қасиеттерін зертханада тексеруге деген сұраныс артып отыр

ҚазжолҒЗИ: Жол-құрылыс материалдарының сапасы мен қасиеттерін зертханада тексеруге деген сұраныс артып отыр

Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері жол-құрылыс материалдарының сапасы мен қасиеттерін зертханада тексеруге деген сұраныстың артып отырғанын айтады.

Осылайша жыл басынан 30 сәуірге дейін жол саласындағы ұйымдардың өтінімдері негізінде 199 сынама зерттеуден өткізілген. Оның ішінде, 25 битум және гудрон, 35 – қиыршықтас, 38 – асфальтобетон төсемінің өзегі және басқа да материалдар. Бұл өткен жылдың бірінші жартыжылдығындағы көрсеткіштен 2 есе көп екенін атап өткен жөн.

«Биыл зертханамызға өтінімдер көбірек түсе бастады. Біз бұл үрдісті Мемлекет басшысының жолдардың сапасын арттыру турасындағы тапсырмасымен байланыстырамыз. Өз кезегінде тапсырыс берушілер мен мердігерлер құрылыс материалдарын сынау жұмыстарына көбірек көңіл бөле бастады. Сонымен қатар еліміздегі жалғыз салалық институттың зертханасы ретінде біз заманауи жабдықтар туралы хабардар бола отырып, барынша жаңа үлгілермен қамтамасыз етуге тырысамыз», деп атап өтті Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтындағы сынақ зертханасының жетекшісі Мейрамгүл Қабдығалиева.

Зертхана жол ғылымының маңызды бөлігі саналады. Осы ретте автомобиль жолдарының сапасы, ең алдымен, нақты учаскелерде қолданылатын құрылыс материалдары мен технологияларға тікелей байланысты.

 «Тіпті дұрыс салынған жолдың өзі жобалау кезеңінде компоненттер дұрыс таңдалмаған болса, бұзыла бастауы әбден мүмкін», деп атап өтті М.Қабдығалиева.

Бүгінгі таңда «ҚазжолҒЗИ» АҚ зертханалары түрлі жол-құрылыс материалдары мен технологияларын сынақтан өткізіп жатыр. Аталған компоненттер қысым мен климаттық жағдайлардың әсерінен сапасы мен тұрақтылық сынды қасиеттері бойынша тексеріледі.

Жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялардың бірыңғай базасын құру шеңберінде Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының зертханасы жыл басынан бері отандық карьерлерден алынған сынамалар мен материалдарды зерттеп келеді. Институт бүгінгі дейін 151 жол-құрылыс материалын сынақтан өткізген: 90 тас және 10 құм материалдары, 12 қиыршық тас-құм қоспалары және басқа да компоненттер.

Естеріңізге сала кетейік, аталған электрондық база Қазақстанның әртүрлі климаттық аймақтарында жол жабындарының құрылысы үшін пайдаланылатын материалдарды дайындау үшін қолайлы компоненттерді есепке алу және іздеу жұмыстарын жеңілдету мақсатында әзірленіп жатыр.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив