Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын салу барысында ауыр салмақты жүк көліктеріне төзімді асфальт жабындылары қолданылды

Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын салу барысында ауыр салмақты жүк көліктеріне төзімді асфальт жабындылары қолданылды

Бұл туралы бүгін Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Жамбыл Бақтияр мәлімдеді. Ол сондай-ақ, жобаның оң әсерлерін тізіп өтті. 

Айта кетейік, жобаны түрік-корей консорциумы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде 2020 жылы іске асыра бастаған болатын. Тас жол қарқынды жұмыстардың толық ауқымда жүргізілуіне байланысты мерзімінен ерте пайдалануға берілмек. Енді ол 16 жыл бойы кепілдік мерзімінде болмақ.

«Қазіргі уақытта барлық жұмыстар толығымен аяқталған. Енді тек ақылы жүйені енгізу қалды. Келісімшарттың талаптарына сәйкес Мердігер компания жобаны өзі әзірлеп, құрылыс жұмыстарын жүргізді. Енді инвестор жұмсаған шығынын ақылы жол арқылы қайтаратын болады. Үлкен Алматы айналма тас жолына республикалық бюджеттен қаражат қарастырылмағанын атап өткен жөн. Алдағы күндері ақылы жолдың қандай мақсатта және қалай жүзеге асатыны туралы арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізбекпіз», - деп жеткізді Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Жамбыл Бақтияр.

Сонымен қатар, жиын барысында ҮАААЖ арқылы саяхаттаудың келесідей қолайлығы мен артықшылықтары айтылды. Мәселен, Үлкен Алматы айналма жолы мегаполис көшелеріндегі кептелісті азайтып, транзиттік ағынды қала сыртына шығаруға мүмкіндік бермек.

Аталған тас жол Алматы облысының Қарасай, Іле және Талғар аудандарындағы 14 елдімекен арқылы өтетін болады. Бұл жергілікті тұрғындар мен қала қонақтары үшін көлік қолжетімділігін жақсартады.

Сондай-ақ, ҮАААЖ қаланы айналып өту уақытын қысқартуға мүмкіндік беретін кептелісі аз балама маршрутын ұсынды. Яғни, ауыр жүк көліктері жүктерді тасымалдау кезінде уақытын үнемдеп, жұмыс тиімділігін арттыра алады.

Сонымен қатар, экологиялық артықшылығын да атап өту керек. Көлік ағынын Алматы қаласынан тысқары жерлерге көшіру арқылы ҮАААЖ атмосфераға зиянды шығарындылардың мөлшерін азайтып, қала мен оның төңірегіндегі экологиялық жағдайға оң әсерін тигізетіні анық.

Анықталғаны, ҮАААЖ құрылысы барысында жоғары сапалы жабынға қол жеткізу үшін асфальтобетон төсеудің заманауи технологиялары қолданылды. Ал сапаны бақылау құрылыстың әртүрлі кезеңдерінде, атап айтқанда, материалдарды іріктеу, жолдың негізін дайындау және асфальтобетон төсеу барысында жүзеге асырылған.

«Үлкен Алматы айналма жолында барлық жағдай қарастырылған. Мысалы, құрылыс барысында жоғарғы сапалы материалдар мен жүк көліктерінің салмағын еш қиындықсыз көтере алатын асфальт жабындылары қолданылды. Бұл сондай-ақ, автомобильдердің мерзімінен ерте тозуын азайтуға және оларды оңай басқаруға көмектеседі. Сонымен қатар, жабын температураның өзгеруімен және ылғалдың әсерімен жақсы жұмыс істейді. Бұл жолдың әртүрлі климаттық жағдайларда тұрақты және қауіпсіз жүруіне мүмкіндік береді»,  - деп атап өтті Жамбыл Бақтияр.

Айта кетейік, түсіндіру жұмыстары алдағы күндері Алматы облысының Іле, Талғар, Қарасай аудандарында жүзеге асырылмақ.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив