Жамбылдық  полицейлер балалардың терезеден құлауының алдын алу жолдары туралы  айтып берді

Жамбылдық полицейлер балалардың терезеден құлауының алдын алу жолдары туралы айтып берді

Балалардың жарақат алуы мен өліміне әкеліп соғатын негізгі себептердің бірі - терезеден құлау оқиғасы, әсіресе көктем мезгілінде. Табиғи қызығушылықтың салдарынан ашық терезенің алды балалар үшін өте қауіпті. 

Мәселен, өткен жылдың наурыз айында осыған ұқсас 4 жағдай тіркелді, балалар әртүрлі жарақат алды, зардап шеккендердің жасы 3-тен 12 жас аралығында. 2022 жыл кезеңінде облыс аумағында көппәтерлі үйлердің терезелерінен балалардың құлап кетуінің 20 дерегі  тіркелді, оның ішінде 1 бала қайтыс болды (2 жас) және 19-ы әртүрлі дене жарақаттарын алды (2 жастан 17 жасқа дейінгі аралық). Бұл ретте облыс аудандарда-3 және Тараз қаласында 17 дерек орын алды. Ата-аналармен және басқа да заңды өкілдермен мектеп психологтарының қатысуын қамтамасыз ете отырып, алдын алу жұмыстары өткізілді. 

Ағымдағы жылдың осы кезеңіне дейін аумақта балалардың терезеден құлау деректері тіркелген жоқ. 

Көктем мезгілінің басталуын ескере отырып, полиция қызметкерлері жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында балалардың еркін кіруіне жол бермейтін құлыптар мен қуыстардың болу қажеттілігіне қатысты шатырлар мен жертөлелерді қарай отырып, 2 мыңнан астам ауланы тексерумен қамтуды жүзеге асырды. Терезелерді бұғаттау, торлар орнату және балаларды ересектердің қарауынсыз ұзақ уақытқа қалдыруға жол бермеу жолдарын заңды өкілдерінің назарына жеткізу үшін 1,5 мыңнан астам бірлескен жиын өткізілді. 

Әкімдіктермен, денсаулық сақтау және білім беру мекемелерімен бірлесіп, жалпы білім беретін және орта арнаулы оқу орындарында балалардың терезеден құлап кету дерегінің алдын алу және оларға қарсы тұру жолдары бойынша 258 дәріс оқылды. 

- Ата-аналарды қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға және кішкентай балаларды ұзақ уақыт қараусыз жалғыз қалдырмауға кеңес береміз. Сонымен қатар, үй-жайларды желдету кезінде балаларды бақылауды, ересектердің қатысуынсыз балконға шығуға рұқсат бермеуді, барлық жиһаздарды бала терезе алдына шыға алмайтындай етіп, терезе жанынан алшақ қоюды ұсынамыз. Терезедегі москиттік торларға сенбеу керек. Олар құлаудан сақтауға арналмаған. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау - әрбір ата - ананың басты міндеті, ал немқұрайлылық таныту  сіздің балаңыз үшін қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін, - деп атап көрсетті Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы  ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция майоры Әлішер Қалышев.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив