Интернет алаяқтарынан сақ болыңыздар!

Интернет алаяқтарынан сақ болыңыздар!

Интернет алаяқтық - бұл интернетті қолдану арқылы жасалатын алаяқтықтың бір түрі. Ол ақша мен мүліктің құрбандарын бопсалау мақсатында ақпаратты жасыруды немесе теріс ақпарат беруді қамтуы мүмкін. Қылмыскерлер әлеуметтік желідегі инженерингті тиімді пайдаланып, қолданушыларға ақша аудартады немесе олар туралы жеке ақпараттарды алып, сол арқылы жеке шоттардағы ақшаны аударып алады. Интернеттің мүмкіндігін қылмыстық іс-әрекеттерін жүзеге асыру үшін оңтайлы пайдаланып жүрген алаяқтардың әдіс-тәсілдері күн сайын өзгеріп, жаңарып отырады.

Тәжірибе көрсеткендей, алаяқтар әлеуметтік желілерге жалған интернет хабарландырулар орналастырады немесе аккаунт пен арнайы бет-парақшалар ашып, сайт жасап алады, не болмаса қылмыскер өзін заңды тұлға етіп көрсетіп, өз атына бірнеше пластик карта, банк шоттары және бірнеше абоненттік нөмір тіркейді. Ең жиі кездесіп жүрген интернет алаяқтықтың түрлері: интернет арқылы сауда жасау және қызмет көрсету, сондай-ақ өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, жеке деректерді иемдену және бөтен біреудің атынан онлайн-несие рәсімдеу арқылы жасалатын қылмыстар болып табылады.

Астана қаласы Полиция департаменті ескертеді: интернет алаяқтардың құрығына түспеу үшін жеке құжаттағы мәліметтер мен банк картасындағы мәліметтерді аударымдар туралы квитанцияларды, кодтар мен код сөздерді өзін банк, полиция қызметкерлері ретінде таныстырғандарға, интернет сатушыларға бермеу керек. Жеке деректерді тексерілмеген сайттар мен басқа да желілердегі «карта енгізіңіз» деген орындарға жазуға болмайды. Интернеттен қосымшаларды жүктеу үшін тек App Store мен Play Market-ті пайдалану керек, күмәнді сілтемелерді басып, телефонға қосымша жүктеуден сақ болу қажет. 

Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив