ҚР ИИДМ: Қазақстаннан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салынды

ҚР ИИДМ: Қазақстаннан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салынды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің №690 бұйрығына сәйкес осы жылдың 9-шы желтоқсанынан бастап Қазақстан аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салынды.

Бұл шектеу 2019 жылдан бастап енгізіліп, әр 6 ай сайын ұзартылып келе жатыр.

ИИДМ Индустриялық даму комитетінің құрылыс индустриясы және ағаш өңдеу өнеркәсібі басқармасының басшысы Мұхамед Андаковтың айтуынша, аталған шара қазақстандық өндірушілерді қолдап, еліміздегі экологиялық ахуалды жақсарту үшін қолға алынып отыр.

«Осы тыйым отандық тауар өндірушілерді, ағаш өңдеушілерді және жиһаз өнеркәсібімен айналысатын кәсіпорындарды қолдау мен республикадағы орман қорын сақтау мақсатында енгізіліп отыр. Егер де орман қоры Қазақстан аумағының шамамен 15%-ын алып жатқанын ескерсек, онда өңдеуге тек 4-5%-ы ғана берілетінін ұмытпау қажет. Бұл орайда қоршаған ортаны қорғап, орманды алқапты ұлғайту үшін елімізден ағаш материалдарын әкетуге тыйым салынатынын ескерткіміз келеді. Ресми статистика бойынша биыл елімізден шет мемлекеттерге орман ағаштары шығарылған жоқ», деді М.Андаков.

Аталған бұйрық ЕАЭО СЭҚ ТН 4406910000 кодына сәйкес «Теміржол немесе трамвай жолдарына арналып, қылқан жапырақты тұқымдардан жасалған сіңірілген ағаш шпалдарын» есепке алмағанда, ағаш материалдарының жекелеген түрлерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407) Қазақстан аумағынан әкетуге тыйым салуды көздейді.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив