Кітапхана қызметкерлері сотталғандарға «Ертегі терапиясы»  тренингін өткізді

Кітапхана қызметкерлері сотталғандарға «Ертегі терапиясы» тренингін өткізді

Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы  Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесіндегі жазасын өтеушілерге "Ертегі терапиясы" тренингін  ұйымдастырды. Ертегі терапиясы – ішкі психологиялық мәселерді шешу, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сыртқы әлеммен өзара әрекеттесуді жақсарту үшін ертегі формасын қолданатын әдіс.

Шараға қатысқан сотталғандар белсенділік танытып, өз ойларын еркін жеткізіп, адамдардың өмірде алдынан шығатын сан түрлі қиыншылықтарға мойымай, қиналмай өтуіне ертегі терапиясының рөлі зор екендігін айтты. Жомарт есімді сотталған бала күнінде оқыған "Ер Төстік" ертегісін тренингке қатысқан сотталғандарға көркемдеп баяндап  берді. Тренинг барысында кітапхана қызметкерлері сурет салынған қиындыларын ұсынып,  сотталғандар  ертегі кейіпкерлерін құрастырды.

«Ертегі терапия – бұл кез-келген басқа да психотерапия сияқты, жан дүниені тану және емдеудің түрі. Ертегі терапиясы мінез-құлықтың негативтік формаларын директивті өзгертеді. Яғни, жақсы нәрсеге үмтылуға, болашаққа сенімін нағайтады. Бүгінгі тренингтен жақсы әсер алған сотталғандар халық ертегілеріне талдау жасап, өзара пікір алмасты.Мұндай ерекше әдісті жүйелі түрде өткізіп тұрамыз»,– деді психолог маман Ақгүл Аманова.

Дана Достанова

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив